74
үшін әзірленетін жүйе өзара әрекеттесуі тиіс барлық сыртқы
объектілерді сәйкестендіріп, осындай өзара әрекеттесудіің жоғарғы
деңгейдегі сипатын анықтау керек, яғни жүйенің барлық
функционалдық мүмкіндіктерін сәйкестендіріп, олардың ең
елеулісін сипаттауды жүргізу қажет.
Осы сатыға мынадай кезеңдер енеді:
1) жұмыстарды жоспарлау. Осы кезеңнің негізгі міндеттері:
— әзірлеу мақсаттарын анықтау;
— жобаны алдын ала экономикалық бағалау;
— жұмыстарды орындаудың жоспар-кестесін құру;
2) автоматтандырылатын объектіні зерттеуден өткізу, оның
шегінде мыналар жүзеге асырылады:
— болашақ жүйеге қойылатын талаптарды алдын ала анықтау;
— ұйымның құрылымын анықтау;
— ұйымның нысаналы
функцияларын анықтау;
— функциялардың бөлімшелер мен қызметкерлер бойынша
бөлінуін талдау;
— бөлімшелер арасында функционалдық өзара әрекеттесуді
айқындау;
— бөлімшелер ішінде және олардың арасындағы ақпараттық
ағындарды талдау;
— сыртқы дереккөзден түсетін ақпаратты талдау;
— ұйым қызметін автоматтандырудың бар құралдарын талдау;
3) зерттеу нәтижелері негізінде ұйым қызметінің үлгісін құру:
- зерттеу сәтіндегі ұйымдағы істердің күйін көрсететін және
қызмет етуіндегі тар жерлерді айқындауға және жағдайды жақсарту
(бизнес-процестерді
оңтайландыру)
бойынша
ұсыныстарды
тұжырымдауға мүмкіндік беретін «іс жүзіндегі» (as-is) үлгісі;
- кәсіпорын жұмысының ең оңтайлы технологиясын білдіретін
«қалай болуы тиіс» (to-be) үлгісі.
Үлгілердің әрқайсысы ұйым қызметінің функционалдық және
ақпараттық үлгілерінің жиынтығы болып табылады. «Іс жүзіндегі»
үлгіден «қалай болуы тиіс» үлгісіне ауысу тәсілдерін анықтау
қажет. Ауысу істегі бизнес-процестерді және олардың өндеу
технологияларын олардың тиімділігін бағалау негізінде жетілдіру
жолымен не бизнес-процестер мен оларды өндеу технологияларын
түбегейлі қайта жобалау (бизнес-процестердің реинжиниринг)
арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жобалау сатысына жүйенің құрылымын, оның функцияларын,
қызмет етуінің сыртқы шарттарын анықтау, интерфейстері және
75
пайдаланушылар мен жүйе арасындағы
функцияларды бөлу,
бағдарламалық және ақпараттық құрамдастарына қойылатын
талаптар, орындаушылар құрамы және әзірлеу мерзімі енеді.
Жобалау «қалай болуы тиіс» үлгісі негізінде жүзеге асырылады.
Әр сатының шекарасы уақыттың кейбір мезеттерімен
анықталған, оларда белгілі бір сыни шешімдерді қабылдау,
сәйкесінше, белгілі бір негізгі мақсаттарға жету қажет. Қалған
кезеңдердің мазмұны өмірлік циклдің тиісті процестеріне сәйкес
келеді және ары қарай қаралатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: