77
кезеңнің нәтижесі жобаны іске асыруға қажетті барлық деректерді
қамтитын жобалау құжаттамасының жинағы болып табылады.
Үшінші кезең – жобаны іске асыру. Мұнда алдыңғы кезеңде
алынған жобалау шешімдеріне сәйкес бағдарламалық қамтамасыз
етуді (кодтау) әзірлеу жүзеге асырылады. Жүзеге асыру үшін
пайдаланылған әдістер түбегейлі маңызға ие емес. Осы кезеңді
орындау нәтижесі дайын бағдарламалық өнім болыр табылады.
Төртінші кезеңде алынған бағдарламалық қамтамасыз етудің
техникалық тапсырмада мәлімделген талаптарға сәйкес болу мәніне
тексеру (тестілеу) жүргізіледі. Тәжірибелік пайдалану ақпараттық
жүйенің шынайы жұмыс жағдайларында білінетін жасырын
кемшіліктерді айқындауға мүмкіндік береді.
Соңғы кезең – дайын жобаны тапсыру, оны іске қосу. Осы
кезеңнің басты міндеті – тапсырыс берушінің барлық талаптары
толық орындалғанын құжаттап растау.
Сарқырама үлгі шегіндегі жұмыстар кезеңдерін жүйенің
«жобалау циклінің» бөліктері деп атайды. Мұндай атау кезеңдер
жүйеге қойылатын талаптарды нақтылаудың көптеген итеративті
рәсімдерден және жобалау шешімдерінің нұсқаларынан тұратын
болған соң пайда болды. жүйенің өмірлік циклі айтарлықтай
күрделі және ұзын. Оған қабылданған және іске асырылған жобалау
шешімдерін нақтылау, өзгерту мен толықтыру циклдердің ерікті
саны енуі мүмкін. Осы циклдерде ақпараттық жүйенің дамуы және
оның жекелеген құрамдастарының жаңғыруы өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: