Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


  Өмірлік циклдің шиыршықты үлгісі



Pdf көрінісі
бет48/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   121
Байланысты:
автоматтандырылған ақпарат жүйе

3.3.2. 
Өмірлік циклдің шиыршықты үлгісі  
ӨЦ  шиыршықты  үлгісі  сарқырама  үлгінің  санамаланған 
мәселелерін  жеңу  үшін  ұсынылған  болатын.  Талдау және жобалау 
кезеңдерінде  техникалық  шешімдердің  іске  асырылуы  және 
тапсырыс  берушінің  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  дәрежесі 
түптұлғаларды құру жолымен тексеріледі. Шиыршықтың әр орамы 
жүйенің  жұмысқа  қабілетті  фрагментін  немесе  нұсқасын  жасауға 
сәйкес  келеді.  Бұл  жобаның  талаптарын,  мақсаттары  мен 
сипаттамаларын  нақтылауға,  әзірлеудің  сапасын  анықтауға, 
шиыршықтың  келесі  орамының  жұмысын  жоспарлауға  мүмкіндік 
береді.  


83 
 
Осылайша,  жобаның  бөлшектері  толықтырылады  және  жүйелі 
нақтыланады,  нәтижесінде  тапсырыс  берушінің  шын  талаптарына 
жауап беретін негізгі  нұсқа таңдалып, соңына дейін жеткізіледі.  
Шиыршықты  үлгі  (3.3.сур.)  сарқырама  үлгіге  қарағанда 
ақпараттық  жүйені  әзірлеудің  итеративті  процесін  ұсынады.  Бұл 
ретте  өмірлік  циклдің  талдау  және  жобалау  сияқты  бастапқы 
кезеңдерінің  мәні  артады.  Осы  кезеңдерде  түптұлғаларды  жасау 
жолымен техникалық шешімдердің іске асырылғыштығы тексеріліп 
негізделеді.  Әр  итерация  аяқталған  жүйе  болу  үшін  итерациядан 
итерацияға  дейін  жетілдірілетін  бұйымның  (немесе  шеткі  өнім 
жиынтығының)  ішкі  немесе  сыртқы  нұсқасын  шығаруға  әкелетін 
әзірлеудің  аяқталған  циклі  болып  табылады.  Шиыршықтың  әр 
орамында  жобаның  мақсаты  мен  сипаттамалары  нақтыланады, 
оның 
сапасы 
анықталады, 
келесі 
орамдағы 
жұмыстар 
жоспарланады. Әр итерацияда жобаның бөлшектері толықтырылып, 
жүйелі  нақтыланады,  нәтижесінде  ақырғы  жүзеге  асырылатын 
негізді нұсқа таңдалады.  
Шиыршықты  үлгіні  пайдалану  ағымдағы  кезең  аяқталмай, 
жобаны  орындаудың  келесі  кезеңіне  өтуге  мүмкіндік  береді  – 
аяқталмаған  жұмысты  келесі  итерацияда  орындауға  болады.  Әр 
итерацияның  басты  міндеті  –  жүйенің  пайдаланушыларына 
көрсетуге  болатын  жұмысқа  қабілетті  өнімді  тезірек  құру. 
Осылайша  жобаға  нақтылау  мен  толықтыру  енгізу  процесі 
айтарлықтай жеңілдетіледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет