Сарқырама үлгінің кемшіліктері. Ақпараттық жүйелерді
әзірлеу үшін пайдаланған кезде, сарқырама үлгінің кемшіліктері
көп. Алдымен оларды жай санамалап, содан кейін олардың
негізгілерін толығырақ қарастырамыз:
— нәтижелерді алуда елеулі кідіріс;
— кез келген кезеңдегі қателер мен шалалықтар әдетте
жұмыстардың келесі кезеңдерінде білінеді, бұл артқа қарай қайту
қажеттілігіне әкеледі;
— жоба бойынша жұмыстарды қатарлас жүргізу күрделілігі;
— әр кезеңнің артық ақпараттық аса қанықтыру;
— жобаны басқарудың күрделілігі;
— тәуекелдің
жоғары
деңгейі
және
инвестициялардың
сенімсіздігі.
Нәтижелерді алудағы кідірісті сарқырама схемасының басты
кемшілігі деп атайды. Осы кемшілік негізінен әзірленімге ретті
тәсілдеменің салдарынан мүдделі тараптармен нәтижелерді келісу
тек жұмыстардың кезекті кезеңі аяқталғаннан кейін ғана
жүргізілетіндігінде білінеді. Әзірленіп жатқан ақпараттық жүйе
пайдаланушылардың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкін және
осындай сәйкес келмеушіліктер әзірлеудің кез келген кезеңінде
туындауы мүмкін – бұрмалауларды жобалаушы-аналитиктер де,
бағдарламалашылар да абайсыз енгізуі мүмкін, өйткені олар
ақпараттық жүйе әзірленіп жатқан пән салаларын жеткілікті түрде
жақсы түсінбеуі мүмкін.
Бұдан басқа, ақпараттық жүйені әзірлеуде пайдаланылатын
автоматтандырылатын объектінің ішкі келісілгендік пен толықтық
өлшемшарттарына жауап беретін үлгілері түрлі себептермен әзірлеу
кезеңінде ескіріп қалуы мүмкін (мысалы, заңнамаға өзгерістер
енгізуден, валюталар бағамының ауытқуы және т.б.). Бұл
79
функционалдық үлгіге де, ақпараттық үлгіге де, пайдаланушының
интерфейс жобаларына да, пайдаланушы құжаттамаға да қатысты.
Ерте сатыларына қайту – сарқырама үлгісінің кемшілігі, ол
алдыңғы кемшіліктің көріністерінің бірі болып табылады. Жоба
кезең-кезеңмен және жалдыңғы кезеңдерде жіберілген қателер
жұмыстың кейінгі кезеңдерінде анықталудың салдары болуы
мүмкін. Сондықтан қателер білінгеннен кейін жоба алдыңғы
кезеңге қайтарылып, қайта өнделеді және содан кейін келесі сатыға
жіберіледі. Бұл жұмыс кестесінің орындалмауы және жұмыстың
жекелеген
кезеңдерін
орындайтын
әзірлеушілер
топтары
арасындағы өзара қарым-қатынастардың күрделенуі себебі болуы
мүмкін.
Ең жайсызы алдыңғы кезеңнің кемшіліктері келесі кезеңде
дереу айқындалмай, кейінірек анықталуы болып табылады (мысалы,
тәжірибелі пайдалану сатысында пән саласын сипаттаудағы қателер
білінуі мүмкін). Бұл жобаның бөлгіні жұмыстың бастапқы кезеңіне
қайтарылуы тиістігін білдіреді. Жалпы, жұмыс кез келген кезеңнен
басқа кезеңге қайтарылуы мүмкін, сондықтан іс жүзінде әзірлеудің
сарқырама схемасы 3.2 суретте көрсетілгендей болады.
Осы жағдаяттың бір себебі болып пән саласын сипаттауға
қатысатын мамандар ретінде нені алғысы келетіндерін кейде нақты
тұжырымдай алмайтын жүйенің болашақ пайдаланушылары
болатындығы. Бұдан басқа тапсырыс берушілер мен орындаушылар
бір-бірін дұрыс түсінбейді, өйткені орындаушылар әдетте
шешілетін
міндеттің
пән
саласындағы мамандар болып
табылмайды, ал тапсырыс берушілер бағдарламалаудан мүлдем
алыс.
3.2 Сур. Аралық бақылаудың қадамдық моделі
Жұмыстарды қатарлас жүргізу қиындығы да сарқырама
үлгісінің бір кемшілігі болып табылады. Аталған проблемалар
80
жобамен жұмыс жүйелі қадамдар тізбегі түрінде құрылуы
салдарынан пайда болады. Жобаның бірнеше бөлігін (қосалқы
жүйелерді) әзірлеуді қатарлас жүргізу мүмкін болғанның өзінде,
сарқырама схеманы пайдалану кезінде жұмыстарды параллелдеу
қиынға соғады. Жұмыстарды қатарлас жүргізу қиындықтары
жобаның әртүрлі бөліктерін ұдайы келісу қажеттілігімен
байланысты. Жобаның жекелеген бөліктерінің өзара тәуелділігі
күшті болған сайын, синхрондау жиі және мұқият орындалуы тиіс,
бұдан әзірлеушілер тобының бір-біріне тәуелділігі артады.
Сондықтан жұмыстарды қатарлас жүргізудің жақсы жақтары
жоғалады.
Қатарластықтың болмауы әзірлеушілердің бүкіл ұжымының
жұмысын ұйымдастыруға да теріс әсер етеді. Бір топтың жұмысына
екінші топ кедергі жасайды. Пән саласын талдау жүргізіліп жатқан
кезде,
жобалаушылар,
әзірлеушілер
және
тестілеу
мен
әкімшілендірумен айналысатындар мүлдем жүктелмеген. Бұдан
басқа, жүйелі әзірлеу кезінде кезең аяқталғаннан кейін және жобаны
келесі сатыға табыстағаннан кейін жобаға өзгерістер енгізу өте
қиын. Мысалы, егер жобаны келесі кезеңге табыстағаннан кейін
әзірлеушілер одан тиімді шешім тапса, ол пайдаланыла алмайды.
Бұл алдыңғы шешім жүзеге асырылып, жобаның басқа бөліктеріне
байланысты. Сондықтан жобаны келесі кезеңге табыстағаннан кейін
оны түзету шығарып тасталады (немесе айтарлықтай қиынға
соғады).
Әзірлеушілердің әртүрлі топтары арасындағы күшті тәуелділік
салдарынан ақпараттық аса қанықтыру проблемасы пайда болады.
Осы проблема жобаның бір бөлігіне өзгерістер енгізген кезде осы
бөлікті өз жұмысында пайдаланған немесе пайдалануы мүмкін
барлық әзірлеушілерді хабардар ету керектігінде. Жүйе өзара
байланысты қосалқы жүйелердің көпшілігінен тұрған кезде, ішкі
құжаттаманы синхрондау маңызды жеке міндет болады.
Әзірлеушілерге өзгерістермен танысып, осы өзгерістер алынған
нәтижелерге қалай әсер еткенін бағалау қажет.
Осының бәрі қайта тестілеуді өткізуді және тіпті жобаның
дайын бөліктеріне өзгерістерді енгізуді талап етуі мүмкін. Осы
өзгерістер,
өз
кезегінде,
ішкі
құжаттамада
көрсетіліп,
әзірлеушілердің барлық топтарына табысталуы тиіс. Сәйкесінше,
жоба әзірленген сайын, құжаттама көлемі өте жылдам өсіп,
құжаттаманы жасау мен онымен танысу үшін уақыт көбірек талап
етіледі.
81
Жаңа материалды зерделеуден басқа, ескі ақпаратты талдаудағы
қажеттілік зым-зия болмайтынын атап өткен жөн. Бұл әзірлеу
процесінде әзірлеушілер тобының құрамы өзгеретін жағдай әбден
мүмкін болуымен байланысты (бұл процесс кадрлардың ротациясы
деп аталады). Жаңа әзірлеушілерге оларға дейін не істелгені туралы
мәліметтер қажет. Жоба күрделі болған сайын, жаңа әзірлеушіні іс
жүзінде енгізу үшін көп уақыт қажет.
Сарқырама схеманы пайдаланудағы жобаны басқару қиындығы
негізінен әзірлеу сатыларының қатаң реттілігімен және жобаның
әртүрлі бөліктері арасында күрделі өзара байланыстардың
болуымен шарттас. Жобаны әзірлеудің реттілігі әзірлеушілердің бір
тобы басқа топтың жұмыс нәтижелерін күтуге тиістігіне әкеледі.
Сондықтан жұмыс мерзімін және табысталатын құжаттаманың
құрамын келісу үшін әкімшілік араласу қажет. Орындалған
жұмыста қателерді анықтаған кезде жобаны орындаудың алдыңғы
кезеңдеріне оралу қажет. Бұл жобаны басқарудағы қосымша
қиындықтарға әкеледі. Жаңсақтық немесе қатені жіберген
әзірлеушілер ағымдағы жұмысын тоқтатып, қателерді жоюмен
айналысуға мәжбүр болады. Мұның салдары болып жөнделетін
және жаңа жобаларды орындау мерзімін бұзу табылады.
Әзірлеушілер тобынан әзірлеудің келесі сатысының аяқталуын
күтуін талап ету орынсыз, өтйкені жұмыс уақытын елеулі
шығысына әкеп соғады.
Жобаның жекелеген бөліктері арасындағы байланыстарды
қысқарта отырып, әзірлеушілер топтары арасында өзара
әрекеттесуді жеңілдетуге және құжаттаманың аса ақпараттық
қанықтырулуын азайтуға болады.
Сарқырама тәсілдемені пайдаланған кезде жоба тәуекелі деңгейі
артатыны анық. Жоба күрделі болған сайын, әзірлеудің әр кезеңінің
ұзақтығы ұлғая түседі, жобаның жекелеген бөліктері арасындағы
өзара байланыстары күрделене түсіп, оларды саны да ұлғаяды. Ал
әзірлеу нәтижелерін тек тестілеу кезеңінде ғана көріп, бағалауға
болады, яғни талдау, жобалау және әзірлеу сияқты орындалуы
едәуір уақыт пен қаражатты талап етеді. Алдында аталып
кеткендей, кеш бағалау талдау мен жобалау қателерін айқындау
кезінде күрделі проблемаларды тудырады – жобаны алдыңғы
сатыларға қайтару және әзірлеу процесін қайталау талап етіледі.
Алдыңғы сатыларға қайтару тек қателермен ғана емес, сонымен
бірге әзірлеу уақыты ішінде пән саласындағы немесе тапсырыс
берушінің талаптарындағы өзгерістермен де байланысты болуы
82
мүмкін. Бұл ретте жобаны осы себептерден қайта түзетілуге қайтару
жобаның келесі нұсқасы дайын болған кезде пән саласы қайтадан
өзгермейтініне кепіл бермейді. Іс жүзінде, бұл әзірлеу процесі
шырғаланып, жүйе пайдалануға тапсырылуға ешқашан жетпейді
дегенді білдіреді. Жобаға жұмсалатын шығындар ұдайы өсіп, ал
дайын өнімді тапсыру мерзімі ұдайы кейінге қалдырылатын болады.
Сондықтан сарқырама схема бойынша әзірленетін күрделі
жобалардың тәуекел деңгейі жоғары деп айтуға болады.
Қаралғандардан басқа, сарқырама үлгісіне тән тағы бір кемшілік
бар, оған ерекше назар аудару қажет. Бұл кемшілік жобаны
орындауға қатысатын әзірлеушілер арасындағы жанжалмен
байланысты. Жанжал жобаның бөлігін алдыңғы сатыға қайтару
әдетте себептері мен кінәлілерді іздеумен үйлесетінімен шарттас.
Ал қателерге жауаптыны бірмәнді табу әрқашан мүмкін
болмағандықтан,
кінәлілерді
іздеу
талпынысы
ұжымдағы
қатынастарды қатты қиындатуы мүмкін.
Салдары ретінде, жұмыс тобында біліктілігі жоғары және үлкен
тәжірибесі бар басшы емес, өз қызметкерлерін қорғай алатын,
оларға қолайлы жұмыс жағдайын жасай алатын басшы бағаланады.
Нәтижесінде барлық топтың біліктілігі мен шығармашылық
әлеуетінің төмендеу қауіпі туындайды. Сәйкесінше, жобаны
техникалық
басқару
ұйымдастырушылық
басшылықпен,
лауазымдық нұсқаулықтарды егжей-тегжей пысықтаумен, оларды
формалды орындаумен ауыстырылады.
Сарқырама тәсілдеме әзірлеудің басында жүйеге қойылатын
барлық талаптарды дәл және толық тұжырымдауға болатын
салыстырмалы қарапайым ақпараттық жүйелерді құру кезінде өзін
жақсы көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |