155
толықтырушы немесе сыртқы жеткізушіден, олар талап етілген дәл
сол мезетте, бірақ ерте емес жеткізіледі. Толықтыратын топтамасы
мүмкін болғанша аз (бұл орындау уақыты мен жеткізу кезеңінің
тұрақтылығына байланысты). JIT жүйесі өндірістің сериялық типі
бар
орташа
ауқымдағы
өндірістерде,
материалдар
мен
жиынтықтаушылардың үздіксіз ағынымен және стандартты
өнімдерді өңдіруде жоғары жылдамдықпен жұмыс істейді.
Аталған жағдайда жоспарлау және бақылау рәсімдері біршама
дәрежеде
стандартталған
және
қарапайым.
Ірі
жоғары
технологиялық кәсіпорындарда, өндірістік үдерістерді жоспарлау
мен бақылау рәсімдері күрделі болып саналады, JIT мүлде
қолданылмайды.
MRP тұжырымдамасы MRP-жүйелері деп аталатын құрылым
негізінде жатыр. MRP-жүйесі, қоймада бар материалдар туралы
кіріс деректерін ала отырып және олардың қасиеттері тіралы «біле»
отырып, дәл сол соңғы өнімді өндіру үшін талап етілетін, сонымен
бірге өндірістік кезеңді уақытша кезеңмен сәйкестендіруге
мүмкіндігі бола тұрып, менеждердің қолына, өндіріс үдерісін
оңтайлы жоспарлауға (сатып алу мен өндіріс мерзіміне қатысты)
мүмкіндік беретін ақпаратты ұсынады.
MRP-бағдарламалар, жаңа жеткізілімдерге тапсырыс туралы
шешімдерді жасап шығару үдерістерін оңтайландыру үшін,
материалдар қозғалысын қадағалайды, тапсырыстарды автоматты
түрде реттей отырып, (оны енгізуде жаңа талаптарды рәсімдеу үшін
талап
етілетін,
барлық
ақпараттар
бар).
Нәтижесінде
жеткізушілермен тапсырыстарды ғаламдық жоспары жасалады,
онда қашан және кімнен тапсырыс жасауға болатындығы жазылуы
қажет.
MRP-жүйесі жұмысының логикасын диаграмма арқылы ұсынуға
болады (5.6-сурет). Диаграммада MRP-жүйесінің негізгі ақпараттық
элементтері бейнеленген.
Материалдар жағдайы сипаттамасында, бұйымдарды өндіру
үшін қажетті барлық материалдар туралы толық ақпарат
көрсетілген, — қоймадағы аталған материалдар қалдығы, оның
басқа мақсаттар үшін кейінге сақталғандығы туралы ақпарат, ол
тапсырыста бар ма немесе оған тапсырыстар енді ғана
жоспарлануда, жетікізілімдердің жүйелілігі. Өндіріс үдерісін қолдау
үшін, оны жеткізуде күтпеген бөгеттер туындаған жағдайда,
материалдарды сақтандыру қорларының қажеттілігін есепке алған
жөн.
Достарыңызбен бөлісу: