Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет183/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   188
Байланысты:
Іс қағаздарын жүргізу

Қ
ОСЫМША
 
 
 
І. Іс қағаздарының қысқаша түсіндірме сөздігі 
 
А   
АДРЕСАТ - алушы. 
АДРЕСАНТ – жөнелтуші. 
АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ  ҚОР  –  салалық  ақпараттық  қызмет 
көрсету  мақсатында  пайдаланылатын  баспаның  жүйелендірілген 
шығармалар  жəне  жарияланбаған  ғылыми,  техникалық  құжаттар 
жиынтығы.   
АҚПАРАТТЫҚ  ХАТ  –  басқа  кəсіпорындарды  немесе  мүдделі 
адамдарды  болған  факт  немесе  жоспарланған  іс-шара  туралы  дер 
уақытында ақпараттандыратын хат.   
АННОТАЦИЯ – түпнұсқаның қысқаша сипаттамасы. 
АНЫҚТАМА  - 1. Сол немес басқа фактіні немесе оқиғаны сипаттайтын 
жəне анықтайтын құжат. 2. Биографиялық немесе қызметтік сипаттағы 
фактіні анықтайтын құжат.   
АСПЕКТ  –  құжатты  іздеуге  немесе  одан  қажетті  мəліметтерді  алуға 
түрткі болған жайт. 
Б  
БАҒДАРЛАМА    -  ұйымның  немесе  кəсіпорынның  белгілі  бір  мерзімде 
жұмыстың  негізгі  бағытын  немесе  ауқымды  жұмыс,  тəжірибені  жүзеге 
асырудың кезеңі жəне мерзімі көрсететін құжат.  
БАҚЫЛАУ  ПАРАҒЫ    -  қарар  жəне  хаттың  тақырыбы    енгізілген 
құжаттарды жеке тіркеуге арналған талон. 
БАСТАМАШЫ  ҚҰЖАТ  –  белгілі  бір  мəселені  қарауға  түрткі  болған 
құжат. 
БЛАНК – анықтамалық сипаттағы мəтін жəне бос жерлері бар арнайы 
үлгідегі ақ қағаз. 


 
231
БҰЙРЫҚ -  1. Негізгі жəне жедел тапсырмаларды орындау мақсатында 
жеке  басшылық  негізінде  əрекет  ететін  мемелекеттік  басқару 
органының  (оның  құрылымдық  бөлімшелерінің)  басшысы  шығарған 
құқықтық акт. Кей жағдайларда  бағыну тəртібіне қарамастан ұйымның 
барлық  ортасына  жəне  лауазымды  тұлғаға  да  қатысты  болуы  мүмкін. 
2.  Мемлекеттік  орган  жəне  ведомстволық  арбитраждың  шешімін 
міндетті түрде орындауға беретін құжаты.   
БҰЙРЫҚ  БЕРУ  -  əскери  жəне  кейбір  басқа  мекемелерде  командир 
(басшының) жариялайтын құжат.  
БҰРЫШТАМА  –  лауазымды  тұлғаның  құжатпен  танысу  фактісін 
растайтын қолы. 
Г 
ГРИФ – іс хат-хабарларының ерекше сипатын немесе ерекше тəсілмен 
жөнелтілуін  көрсететін  белгі  (мысалы  «құпия»,  «шұғыл»,  «жариялауға 
болмайды», «жеке өзіне» т.б.). 
Д 
ДАТА  –  құжат  жасалған  күн,  ай  жəне  жыл,  ол  араб  санымен 
көрсетіледі. 
ДƏЛЕЛДЕУ  ХАТ  –құжаттың  жөнелтілгенін  анықтайтын  факт,  бұрында 
қозғалған мəселе жəне т.б. туралы хат.  
ДИРЕКТИВТІК  ҚҰЖАТ  –  жоғары  тұрған  органның  орындауға  міндетті 
нұсқауы бар құжаты. 
ДУБЛЕТТІ ҚҰЖАТ – көбейтілген құжат даналарының бірі. 
ДУБЛИКАТ (телқұжат) – түпнұсқасының орнына жасалған құжат, заңды 
күші бірдей болады. 
Е 
ЕРЕЖЕ  –  1.  Ұйымның  жəне  мемлекеттік  органдардың,  оның 
құрылымдық  бөлімшелерінің,  сондай-ақ  бағынышты  мекеменің, 
ұйымның,  кəсіпорынның  негізгі  ережесін  бекітетін  құқықтық  акт.  2. 
Мемлекеттік,  саяси,  қоғамдық,  мəдени  немесе  шаруашылық  өмірдің 
белгілі бір саласын реттейтін ережелер жинағы.  
ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕР – құжатты орындау жеделдігі, құпиялық дəрежесі.  


 
232
ЕРКІН  ҰСЫНЫС  -  еш  міндет  жүктемейтін  ұсыныс.  Егер  тапсырыс 
беруші  мұндай  ұсыныс  шартын  қабылдаса,  онда  келісім  бекітілген 
болып саналады.  
ЕСКЕРТУ  ХАТ    –  қандай  да  бір  факт  туралы  ақпарат  екінші  рет 
берілетін хат. Мұндай хат телеграммаға ұқсас болады. 
ЕСЕП  –  жоғары  мекемеге  немесе  лауазымды  тұлғаға  ұсынылатын 
жоспарлар,  тапсырмалар,  іссапарлар  жəне  шараларды  дайындау, 
өткізу жəне орындау нəтижесін (қортындысын)  туралы мəліметтер бар 
құжат.  
Ж 
ЖАЗБА  –  қандай  да  бір  мəселенің  қысқаша  баяндалуы  не  қандай  да 
бір  құжаттың,  фактінің,  оқиғаның  қысқаша  баяндалуы  (мысалы, 
қызметтік хат, еске салу хат, баяндау хат, түсіндірме хат). 
ЖАРНАМАЛЫҚ  ХАТ  -  өнімді  алуда  немесе  көрсетілген  қызметте 
жетіспеушілік, ақаулардың болғаны жайлы арыз.  
ЖЕКЕ  АДАМДАРДЫҢ  ІС-ҚАҒАЗДАРЫ  –  қандай  да  бір  адамның 
құжаттары  енген  іс-қағаздары  (өмірбаяны,  білімі,  еңбек  немесе 
қоғамдық қызметі туралы).  
ЖЕКЕ  ШОТ  -  ұйыммен  немесе  тұлғамен  анықталған  жəне  олармен 
ақшалай есебі бар қандай да бір нақты құрал түрінің (материал, құрал-
жабдық, өнім, тұрақты т.б.) берілуін көрсететін бухгалтерлік құжат. 
ЖЕКЕ  ҚҰРАМ  БОЙЫНША  КАРТОТЕКА  –  жеке  тұлғалардың  еңбек 
стажы,  білімі,  еңбекақысы,  əскерде  қызмет  етуі,  əлеуметтік  жағдайы 
жəне т.б. бар құжаттамалық материалдар каталогы. 
ЖЕКЕ ТҰЛҒА – азаматтық құқықтық қатынасы бар азамат. (азаматтық 
құқық жəне міндетті адам).  
ЖІБЕРІЛГЕН ХАТТАР НӨМІРІ – жіберушінің құжатты тіркеу нөмірі. 
ЖІКТЕМЕЛІК  ИНДЕКС  –  жіктеу  схемасына  жіктемелік  бөлгіш  беретін 
жəне  жүйелік  жəне  басқа  каталогтардың  карточкаларына  қойылатын 
шартты  белгі  (сандық,  əріп,  аралас).  Ол  құжаттарда  да,  сол  секілді 
істерде де қойылуы мүмкін. 
З 


 
233
ЗАҢДЫ  ТҰЛҒА  –  азаматттық  құқық  жəне  міндетті  мекеме,  кəсіпорын, 
ұйым.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет