Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


П  ПƏНДІК  КӨРСЕТКІШ    -  əліпби  тəртібі  бойынша  негізгі  пəндік  белгінің  көрсеткіші.   Р



Pdf көрінісі
бет186/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   188
Байланысты:
Іс қағаздарын жүргізу

П 
ПƏНДІК  КӨРСЕТКІШ    -  əліпби  тəртібі  бойынша  негізгі  пəндік  белгінің 
көрсеткіші.  
Р 
РЕКВИЗИТТЕР  (деректемелер)  –  қызмет  құжатының  міндетті 
элементтері.   
РЕСМИ  ҚҰЖАТТАР  –  мекеме  немесе  лауазымды  тұлға  дайындаған 
жəне белгіленген тəртіп бойынша ресімделген құжаттар.    
РЕФЕРАТ – қысқаша  алғашқы жазба деректерді мəлімдеу.  


 
236
С 
СТЕНОГРАММА  –  Жиналыстардағы,  жиындар  мен  мəжілістердегі 
баяндамаларды,  сөйленген  сөздерді  жəне  басқа  да  пікірлерді 
стенография əдісі арқылы сөзбе-сөз жазу. 
СҰРАТУ  –  бір  мəселені  түсіндіру,  сол  туралы  егжей-тегжейлі  ақпарат 
беру туралы өтінішпен хабарласуды білдіретін құжат. 
Т 
ТАБЕЛЬ  –  белгілі  бір  тəртіппен  құрылған  бір  нəрсенің  көрсеткішінің 
тізімі (мысалы, есепшот табелі, үлгерім табелі).  
ТАЛАП  ХАТ  –  келісім-шартты  жəне  басқа  да  түрлі  міндеттерін 
орындамаған жағдайда кінəлі жаққа жіберілетін хат.   
ТАҢБАЛАУ - техникалық құжаттар немесе тауардың көрсеткіші.  
ТАПСЫРУ ТІЗІМІ– мекеменің жұмысты мұрағатқа тапсыру барысында 
жасалған құжаттық материалдар тізімі. 
ТЕЗИСТЕР – құжаттың немесе сөз сөйлеу мəтінінің қысқаша мазмұны.   
ТЕЛЕГРАММА – телеграф арқылы берілетін мазмұны жағынан əртүрлі 
құжаттардың жалпы атауы.    
ТЕЛЕКС – телетайп арқылы жіберілетін телеграмма.  
ТЕЛЕТАЙП  –  жазба  машинкасы  секілді  клавиатуралы  телеграфтық 
аппарат.  
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ЖҮРГІЗУ – мекеме құрылысы жəне өндірістік 
бұйымды  дайындау  жұмыстары  бойынша  құрылыс  жəне  техникалық 
жобалау,  құрастыру  жəне  басқа  инженерлік  іздеу  нəтижелерін 
көрсететін құжаттардың жалпы атауы.  
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАУ – технологиялық процестерді сипаттау 
жəне  бейнелеу  арналған  құжаттың  жалпы  атауы  (сызу,  ерекшелік, 
карта, құрал-жабдық жəне т.б.). 
ТӨЛҚҰЖАТ ҚҰРАМЫ – қол жəне мөр.  
ТРАФАРЕТТІ  ҚҰЖАТ  –  алдын  ала  стандартты  басылып  жазылған 
мəтін (мəтіннің бөлігі) жəне нақты мазмұнын толтыратын құжат.  


 
237
ТҮГЕНДЕУ  ТІЗІМДЕМЕСІ  -  (ведомость)  –  мекеменің,  кəсіпорынның, 
ұйымның  немесе  жеке  тұлғаның  мүлкінің  тізбесі,  онда  олардың 
анықталған саны, заттың жай-күйі, құны көрсетіледі. 
ТІЗБЕ  -  бухгалтерлік  есепте  жəне  іс-қағаздарын  жүргізуде 
қолданылатын бір нəрсенің тізімі.   
ТІЛДІК  ФОРМУЛА  (құжаттың)  –  негізгі  мəтінді  құрайтын  (құжаттың) 
жəне  нақты  құжат  түріне  бекітілген  сөз,  сөз  тіркесі,  сөйлем,  жоғары 
фразалы бірлік. 
ТІЗІМ – құжаттардың заңды түрде ресімделген тізбесі.  
ТІРКЕУ  ШТАМПЫ  –  құжатқа  енгізілетін  мынадай  мəліметтері  бар 
мөртабан: мекеменің атауы,  тіркеу күні, тіркеу индексі, жұмыс нөмірі.  
ТІРКЕУ  КАРТОЧКАСЫ  –  мекеме  іс-қағаздарын  жүргізуде  құжаттарды 
тіркеуге арналған карточка. 
ТҮСІНІК ХАТ – 1. Негізгі құжаттың жеке қосымшаларын (жоспар, есеп, 
жоба)  түсіндіретін  құжат.  2.  Жоғары  лауазымды  тұлғаға  ұсынылатын 
қандай  да  бір  əрекет,  факт,  оқиғаны  түсіндіретін  қызмет  адамының 
хабарламасы. 
І 
ІС  –  жеке  папкаға  салынған  жазбаша  құжаттардың  бір  данасы, 
мұрағатта сақтауға арналған.  
ІСКЕРЛІК  ХАТ  –  екі  корреспондент  арасында  ақпарат  алмасу  үшін 
пайдаланылатын құжат. Олар заңды жəне жеке тұлға болуы мүмкін. 
ІС  ИНДЕКСІ  –  істің  номенклатура  бойынша  реттік  нөмірі  жəне  іс 
мұқабасына  қойылатын  мекеменің  құрылымдық  бөлімін  көрсететін 
шартты белгі.  
ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ – кеңсе істерін жүргізу, мекеменің қызметін 
құжаттандыру  жəне  онда  құжаттарды  ұйымдастыру  жөніндегі 
жұмыстардың жиынтығы.  
ІС НОМЕНКЛАТУРАСЫ – мекеменің іс-қағаздарын жүргізуде жасалған 
іс атауларының жүйелендірілген тізбесі немесе тізімі.  
ІШКІ  ҚҰЖАТ  –  кəсіпорынның  ішінде  жасалып,  өз  іштерінде 
пайдалануға арналған құжат. 
Ү 


 
238
ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ – құжат мəтінінің бір бөлігінің көшірмесі.  
ҮЛГІ  ҚҰЖАТ  -  1.  Бір  текті  сұрақтарды  көрсететін  жəне  бірдей  үлгімен 
құралатын  құжат.  2.  Мекеменің  жұмыс  тəртібін  (типтік  жарғы,  типтік 
құрылыс)  немесе  оның  жеке  жақтарын  (типтік  келісім-шарт)  жəне 
қызмет  ерекшелігін  көрсететін  мекеменің  бір  атаулы  құжаттарын 
құрудың үлгісі болып табылатын нормативті жəне басқару құжаты.  
Ұ 
ҰСЫНУ – жеке құрамды тағайындау, ауыстыру немесе қолдау көрсету 
туралы  ережесі,  сондай-ақ  қандай  да  бір  бірлікке  жататын  (бұйым, 
операция)  өндірілген  өнім,  мекеме  қызметіне  қатысты  белгілі  бір 
əрекет немесе іс-шараны куəландыратын құжат.  
ҰСЫНЫС    -  кəсіпорын  атынан  басқа  кəсіпорынға  бағытталған  белгілі 
бір шарт бойынша келісім-шарт жасасуға дайындығы туралы жазбаша 
өтініш. 
Ш 
ШАҚЫРУ ҚАҒАЗ – жеке тұлғаға немесе мекемеге өзінің өкілін бір жерге 
жөнелту  туралы ресми хабарлама.  
ШАРТ  –  құқықтық  қатынасты  белгілеу,  өзгерту  немесе  тоқтатудың 
келісім-шарты.  
ШАРТТЫ  ХАТ  –  ілеспе  хаттың  бір  түрі,  мұнда  шарттың  жөнелтілу 
фактісі көрсетіледі. 
ШЕШІМ  –  1.  Аса  маңызды  мəселелерді  шешу  мақсатында  алқалық 
тəртіппен  қабылданатын  құқықтық  акті.  Сондай-ақ  бірнеше  əр  түрлі 
органдар  –  алқалық  жəне  жеке  басшы  басқаратын  ұйымдар 
шығаратын  бірлескен  актілер  де  шешім  деп  аталады.  2.  Азаматтық 
мəселелерді  сотта  немесе  даулы  мəселені  төрелік  сотта  шешу 
нəтижелері бойынша соттың немесе төрелік соттың қорытындысы бар 
құжат. 3. Жиналыстың, мəжілістің қарары.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет