ЖОБА
18
____________________________________________
___________________________________
_______________________________________
Дескриптор
Білім алушы
тәжірибе жүргізгенде эксперименттің жүйелі құрылуын
ұстанады, қисығын салады;
абсцисса және ордината осьтерінде шамаларды
көрсетеді;
бастапқы температураны көрсетеді, кристалдану
температурасын және ең төмен температура нүктесін
көрсетеді;
нүктелерді түзу сызықпен қосады;
графикте процестің салқындау бөлігін белгілейді;
графикте процестің кристалдану бөлігін белгілейді;
бөлшектер теориясы тұрғысынан салқындау процесін
түсіндіреді.
ЖОБА
19
Бөлім/Тақырып: 7.1В Зат күйінің өзгеруі
Оқу мақсаты
7.1.1.6 Судың қайнау үдерісін зерделеу, қыздыру қисығын
салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясын
пайдалана отырып, өз бақылауларын түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Эксперименттік нәтижесі бойынша қыздыру қисығын
салады
Қыздыру қисығының бөліктерін талдайды
Бөлшектер теориясын пайдалана отырып қыздыру,
қайнау және булану процесін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Лабораториялық жұмыс «Судың қайнау процесін зерттеу»
Мақсаты: қайнау жағдайын және механизмін зерттеу, қайнау процесінің ерекшеліктері
мен кезеңдерін зерттеп, қисығын салып оған тән сипатын белгілеу, өзінің бақылауына
қатысты бөлшектер теориясын түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: