ЖОБА
16
Бөлім/Тақырып: 7.1В Зат күйінің өзгеруі
Оқу мақсаты
7.1.1.4 Заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және
бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты,
сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Бөлшектер теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ
тәріздес заттардың құрылымын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1- тапсырма
Бөлшектер теориясы тұрғысынан қатты, сұйық және газ тәрізді денелердің құрылымын,
қасиеттерін атап, кестені толтырыңыз.
Заттардың
агрегаттық
күйлері
Заттардың қасиеттері
Бөлшектер теориясының негізгі ережелері
Формасы
Көлемі
Бөлшектер
ара
қашықтығы
Бөлшектердің
әрекеттесуі
Қозғалу
мәні
Орналасу
тәртібі
Газ
Сұйық
Қатты
Дескриптор
Білім алушы
газ тәрізді заттардың құрылымын,
қасиеттерін анықтайды;
сұйық заттардың құрылымын, қасиеттерін анықтайды;
қатты заттардың құрылымын, қасиеттерін анықтайды.
2- тапсырма
Берілген заттар: қант, ауа, су буы, сынап, ас тұзы бөлме температурасында қандай
агрегаттық күйде болады? Қатты, сұйық, газ тәрізді заттарға анықтама беріңіз.
Дескриптор
Білім алушы
заттардың агрегаттық күйін анықтайды;
қатты заттардың анықтамасын жазады;
сұйық заттардың анықтамасын жазады;
газ тәрізді заттардың анықтамасын жазады.
ЖОБА
17
Бөлім/Тақырып: 7.1В Зат күйінің өзгеруі
Оқу мақсаты
7.1.1.5 Салқындау үдерісін зерделеу, салқындау
қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің
кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын
түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Эксперимент
нәтижелері
бойынша
салқындау қисығын салады
Салқындау
қисығының
бөліктерін
талдайды
Бөлшектер теориясын пайдалана отырып
салқындау және кристалдану процесін
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Лабораториялық жұмыс «Салқындауды зерттеу»
Мақсаты: Салқындау үрдісін зерттеу; салқындау қисығын салып оған тән сипатын
белгілеу, өзінің бақылауына қатысты бөлшектер теориясын түсіндіру.
Құралдар мен реактивтер: Парафин, спирт шамы, пробирка, пробирка ұстағыш,
кристаллизатор, мұз, термометр, секундомер.
Жұмыс барысы:
1) Парафині бар пробирканы спирт шамның жалыны үстінде оның толық балқығанша
қыздырыңыз. Парафиннің толық балқыған уақыттағы температурасын термометр
көмегімен белгілеңіз.
2) Балқыған парафині бар пробирканы мұзы бар кристаллизаторға орналастырыңыз.
Температураның өзгергенін әрбір минут сайын белгілеңіз, парафиннің қату нүктесін және
ең төмен температурасын белгілеңіз.
3) Парафиннің салқындау қисығының графигін салыңыз да ол қисықта салқындау және
кристалдану процестеріне сай бөлшектерді белгілеңіз.
4) Қорытынды жасағанда бөлшектер теориясы тұрғысынан салқындау және кристалдану
процестеріне түсінік беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: