Бөлім/Тақырып: 7.1А Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар
Оқу мақсаты
7.4.1.3 Элемент (жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін
ажырата алу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Элемент, қоспа және қосылыс түсініктерін ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырмалар
1-тапсырма
Төменде көрсетілген суреттерді «элемент», «қосылыс» немесе «қоспаға» жіктеңіз.
Дескриптор
Білім алушы
суреттен элементті көрсетеді;
суреттен қосылысты көрсетеді;
суреттен қоспаны көрсетеді.
ЖОБА
10
2-тапсырма
Төмендегі заттарды элемент, қоспа, қосылыстарға жіктеңіз: кетчуп, күміс, теңіз суы, ауа,
оттегі, топырақ, алтын, ас тұзы, көміртек (алмаз), көмірқышқыл газы, кока-кола, қант,
цемент, әктас, хлор.
Элемент
Қоспа
Қосылыс
Дескриптор
Білім алушы
- элементтерді кестеге толтырады;
- қоспаларды кестеге толтырады;
- қосылыстарды кестеге толтырады;
- элемент, қоспа, қосылыстарды ажыратады.
ЖОБА
11
Бөлім/Тақырып: 7.1А Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар
Оқу мақсаты
7.4.1.4 Қосылыстардың және элементтердің физикалық
қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс
емес заттарды ажыратуға қолдана алу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Заттың қасиеттері жайлы білімді қолдана отырып
белгісіз затты анықтау
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Белгісіз зат пен оның қасиеті арасында сәйкестікті жүзеге асырыңыз
.
1. Жеке құраушы бөлшектерге бөлу өте оңай.
2. Атомның жеке бір түрінен құралған.
3. Химиялық реакцияның нәтижесінде атомдардың
бірнеше түрінің қосылуы арқылы түзілген.
4. Жеке құраушы бөлшектерге бөлу қиынға соғады.
5. Массасы мен мөлшері өлшенеді.
Химиялық элемент
Қосылыс
Қоспа
Дескриптор
Білім алушы
- элементтің қасиеттерін сәйкестендіру;
- қосылыстың қасиеттерін сәйкестендіру;
-
қоспаның қасиеттерін сәйкестендіру.
ЖОБА
12
Бөлім/Тақырып: 7.1А Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар
Оқу мақсаты
7.4.1.5 Қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін
білу
7.4.1.6 Қоспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлау
және өткізу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Қоспа түрлерін атайды
Қоспаларды бөлуге қатысты қарапайым
экспериментті жоспарлайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырмалар
1- тапсырма
Қоспалардың түрлерін атап, жіктеп, кестені толтырыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
қоспалар түрлерін атайды;
қоспаларды жіктеп, ажыратады;
кестеге қоспалар түрлерін толық жазып, кестені толтырады.
2- тапсырма
Лабораториялық жұмыс «Ластанған ас тұзын тазарту».
Мақсаты: ластанған ас тұзын тазарту жолын ұсына білу, тазарту алгоритмін жасау,
жұмыстың есебін дұрыс жаза білу.
Құрал-жабдықтар: штатив, шыны стакан, таяқша, фарфор ыдыс, сүзгі қағаз, спирт
шамы.
Сіздерге өзен құмы араласқан ластанған ас тұзы берілген. Оны тазарту үшін:
а) суда ерітіңіз;
b) сүзгіден өткізіңіз;
c) ерітіндіні буландырыңыз.
Қоспаларды бөлуге қатысты эксперименттің жоспарын жасап, кестеге бөлу жолы туралы
қорытынды жазыңыз.
Қоспа
ЖОБА
13
Қоспаның құрамы Қоспаның түрі
Қоспаны бөлу әдісі Бөлу әдісі неге
негізделген?
Дескриптор
Білім алушы
берілген қоспаны бөлу жолын анықтайды;
қоспаны бөлудің алгоритмін жасайды;
қоспаны бөлу жолдары туралы қорытындыны кестеге толық
жазады;
бөлу әдісінің не үшін қажет екенін көрсетеді.
3- тапсырма
Суретте қоспаларды бөлу әдістері бейнеленген, осы әдістерді қоспалардың қандай
түрлеріне қолдануға болатынын көрсетіңіз.
А
В
С
D
Дескриптор
Білім алушы
-
қоспаны бөлу әдістерінің атауын атайды;
-
қоспаны бөлу әдістерін ажыратады;
-
бөліп, тазарту әдістерін қоспаның түрлеріне қолданады.
ЖОБА
14
Бөлім/Тақырып: 7.1В Зат күйінің өзгеруі
Оқу мақсаты
7.1.1.3 Физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату
Бағалау критерийі
Білім алушы
Физикалық және химиялық құбылыстарды ажыратады
Физикалық және химиялық құбылыстардың белгілерін
белгілейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырмалар
1- тапсырма
Лабораториялық тәжірибе «Химиялық реакциялардың белгілері».
Мақсаты: тәжірибе арқылы химиялық реакциялардың белгілерін көрсету.
Мына реакцияларды жүзеге асырып, есептеріңізді үлгі бойынша жазыңыз. Не байқадыңыз?
Бұл реакциялардың белгілері қандай?
а) Na
2
CO
3
мен CaCl
2
. әрекеттесуі.
Натрий карбонатына кальций хлоридін қосқанда _________________ және
__________________ түзіледі. Сонымен қатар реакцияның белгісі
_________________________ болады. Демек, бұл ______________________ құбылыс.
b) СаCO
3
және 2HCl арасындағы реакция.
Ақ кристалл затқа (борға) қышқылды қосқанда ______________________________________
байқалды. Қорытынды: Реакция белгісі ____________ бөлінгеннен білінді. Демек, бұл
______________________ құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: |