Бағалау критерийі
Білім алушы
Таза заттар бірдей атомдардан немесе молекулалардан
тұратынын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырмалар
1- тапсырма
Суретте орман ауасы құрамына кіретін заттардың атаулары және молекула моделдері берілген:
1 – азот, 2 – оттегі, 3 – аргон, 4 – көмірқышқыл газы, 5 – су, 6 – озон, 7 – терпинеол . Суретке
қарап қандай заттардың таза зат екенін атаңыз және ойыңызды негіздеңіз.
Дескриптор
Білім алушы
суретке қарап қандай заттардың таза зат екенін атайды;
суретке қарап қандай заттардың таза зат екендігі жайлы ойларын
негіздеп айтады.
2- тапсырма
Берілген заттардың ішінен таза заттарды атаңыз: ауа, сутегі, мыс, сүт, алтын, металл
балқымалары, хлор, ерітінділер, азот, тұман, түтін.
Таза заттарды алу жолдарын көрсетіңіз.
Дескриптор
Білім алушы
таза заттарды ажыратады;
таза заттарды алу жолдарын атайды.
ЖОБА
9
Достарыңызбен бөлісу: |