5.5.3 Бойлық және көлденең арматуралау
5.5.3.1 Қиманың биіктігі және ені бойынша арматуралық шыбықтар арасындағы
көрінетін қашықтық арматураның бетонмен бірлесе жұмыс істеуін қамтамасыз етуі және
бетон қоспасын төсеу және тығыздау қолайлылығын ескере отырып, белгіленуі тиіс.
Көлемді емес конструкциялар үшін шыбықтар арасындағы көрінетін қашықтықты
бетон және темірбетон конструкцияларды жобалау жөніндегі талаптарға сәйкес қабылдау
қажет.
5.5.3.2 Агрессивті орта жағдайларында темірбетон конструкцияларды пайдалану
кезінде қорғаныш қабатының қалыңдығын ҚР ҚН 2.01-01 талаптарын ескере отырып
белгілеу қажет.
5.5.3.3 Созылған және сығылған арматураның бойлық шыбықтары олар нормативтік
құжаттар талаптарына сәйкес есеп бойынша талап етілетін қалыпты немесе қима
элементінің бойлық осіне көлбеу жүргізілуі тиіс.
5.5.3.4 Төзімділікке есептелетін конструкцияларда бір қимада созылған жұмыс
арматурасы шыбықтарының жартысынан аспай түйісуі тиіс. Осы конструкцияларда
созылған жұмыс арматурасы үшін түйістерді айқастыра (дәнекерлеусіз және
дәнекерлеумен) қолдануға жол берілмейді.
|