5.5.4 Алдын ала кернелген темірбетон элементтерді конструкциялау бойынша
қосымша нҧсқаулар
5.5.4.1 Алдын ала кернелген элементтерді конструкциялау кезінде бетон және
темірбетон конструкцияларды жобалауға қойылатын талаптарды құрылыстардың жеке
түрлерін жобалаудың нормативтік-техникалық құжаттардың және осы бөлімнің
талаптарын орындау керек.
5.5.4.2 Тартылған арматураға қандай да бір бөлшектерді дәнекерлеуге және ұстатуға
жол берілмейді.
Бұл талап бетонды қысу күшін бергеннен кейін бұйымдардан шығып тұрған
кернеуленетін арматураның ұшына бөлшектерді дәнекерлеуге таратылмайды.
5.5.4.3 Бойлық кернелмейтін арматураны көлденең арматура (қамыт) кернелетін
арматураны қамтуы үшін элементтің сыртқы бетіне жақын орналастыру керек.
5.5.4.4 Қырлы элементтерде шыбықты кернелген арматураны элементтің әр
қырының осі бойынша немесе оған симметриялы орналастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |