Білім беру бағдарламасы 5-модуль мектеп педагогтерінің Әлеуетін арттыру оқУ ҚҰралы



Pdf көрінісі
бет10/96
Дата31.12.2021
өлшемі1,09 Mb.
#22553
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   96
Байланысты:
LS и AR

білім беру.  

Білімнің сыртқы және ішкі трансфері ажыратылады.  

 

Білімнің сыртқы трансфері сыртқы ортамен өзара байланысты – басқа білім беру 

ұйымдарымен,  әдетте  қоғамның  инновациялық  саласын  құрайтын  зерттеу  ұйымдарымен 

ынтымақтастықты білдіреді.  

Ішкі  білім  беру  трансфері  ұйымның  өз  аясында    жеке  тұлғалар  мен  топтар 

арасында жүзеге асырылады.  




10 

 

4)  қолайлы  оқу  және  инновациялық  ахуалды  қалыптастыруды  көздейтін  білімді 



пайдалану. Білім пәнаралық байланысты, әлеуметтік және мәдени салалармен байланысты 

қамтамасыз  етуі,  инновациялық  қызмет  пен  стратегиялық  зерттемелердің  қайнар  көзі 

болуы тиіс. 

 

«Білім алушы ұйым» оқып-үйрену  – тек білімді  жинақтау ғана емес, оны қолдана 



білу қабілетін саналы түрде дамыту деп қарастырады. Жалпылама түрде мұндай ұйымға 

қойылатын 11 талапты айқындауға болады.  

1. Стратегияны әзірлеудегі «оқып-үйрену» тәсілі. Компанияның стратегиясы мен 

саясаты  үздіксіз  жүретін  процестер  ретінде  қарастырылады.  Бизнес-жоспарлар  үнемі 

өзгеріп отырады, пайда болатын факторларды ескере отырып жетілдіріледі.  

2.  «Партисипативтік»  басқару  саясаты.  Ұйым  қызметкерлері  компанияның 

стратегиясы мен саясатын әзірлеуге қатысады. 

3.  Ақпараттық  ашықтық.  Ақпарат  сыйақы  немесе  жазалау  үшін  негіз  ретінде 

емес,  не  болып  жатқанын  түсіну  үшін,  дұрыс  шешімдер  қабылдау  мақсатында  көбірек 

пайдаланылады. 

4.  Ұйымның  қызметін  есепке  алу  және  бақылау.  Есепке  алу,  бюджеттеу  және 

талдау  жүйелері  әрбір  қызметкер  өзінің  иелігіндегі  ресурстар  үшін  жауапкершілікті 

сезінетіндей етіп құрылады. 

5. Ішкі қызмет алмасу. Әрбір бөлімше қызметтерді жеткізеді және тұтынады 

6. Икемді сыйақы тетіктері. «Сыйақы» ұғымы еңбекке ақы төлеуден гөрі кеңірек 

ұғымда  қарастырылады.  Сыйақы  тағайындаудың  басты  принципі  –  қызметкердің  ұйым 

қызметінің ортақ нәтижелеріне қосатын үлесі. 

7.  Қызметкерлерге  мүмкіндіктер  беретін  құрылым.  Ұйым  бөлімшелері  мен 

элементтерінің  басқа  "шекаралары"  қажет  болған  жағдайда  өзгертуге  болатын  уақытша 

құрылым ретінде қарастырылады. Ұйымдағы лауазымдар мен рөлдер эксперимент жүргізу 

және даму үшін жағдай жасалатындай етіп бөлінеді.   

8.  Қоршаған  ортаны  әрдайым  тексеріп  отыру  («сканерлеу»).  Әр  қызметкердің 

міндетіне  ұйымнан  тыс  жерде  не  істеліп  жатқаны  туралы  ақпарат  жинау  кіреді. 

Қызметкерлердің әр жиналысында компаниядан тыс оқиғалар қарастырылады.  

9. Ұйымның және онымен байланысты топтардың бірлескен жобалары. Ұйым 

қызмет  ұсынушылармен  және  тұтынушылармен  серіктестік  қатынастар  қалыптастырады 

және  бірлесе  оқу  мүмкіндігін  жіберіп  алмай,  тұтынушылармен  бірлескен  жобаларды 

жүзеге асыруда бастамашы болады.  

10.  Оқу  үшін  қолайлы  ахуал.  Ұйымның  әрбір  қызметкері  үшін  негізгі  жұмыс 

принципі  –  не  істеп  жатқаныңызды  әрдайым  зерттеуге  және  жетілдіруге  тырысу.  Кез 

келген  қызметкер  қателік  жіберуі  мүмкін.  Қызметкерлерге  тәжірибені  талқылауға  және 

талдауға, өз тәжірибесі арқылы үйренуге уақыт бөледі.  

11.  Әрбір  қызметкердің  өзін-өзі  тұрақты  түрде  дамытуы.  Әрбір  қызметкерге 

өзін-өзі  дамыту  үшін  белгілі  бір  бюджет  бөлінеді;  ол  өзіне  қажетті  тақырыптарды  өз 

бетінше  таңдайды.  Ұйымда  өзіне  жауапкершілік  алу  мадақталады.  Әрбір  қызметкердің 

жеке оқу қажеттіліктері оның мансабын жоспарлаудың негізгі буыны болып табылады. 

Басшыдан  мұғалімдер  тобын  оқыту  аясында  мектепте  білімді  басқарудың  тиімді 

тетіктерін құру талап етіледі. Қазіргі заманғы зерттеулер үздіксіз кәсіби даму қажеттілігі 

оқыту  және  оқу  тәжірибесі  мұғалімнің  тікелей  қатысуымен,  оның  өзі  жүргізген  зерттеу 

нәтижелері  негізінде  қалыптасатын  білім  беру  қоғамдастығы  жағдайында  мұғалімнің 

өзіндік  ұстанымын  талап  ететіні  туралы  идеяны  растайды.  Ішкі  психологиялық 

ұстанымына,  адамгершілік  көзқарастарына  негізделген  мұғалімдер  механикалық  түрде 

білім  алмайды,  білімді  өздері  қалыптастырады;  бұл  жағдайда  көшбасшылық  көзқарас 

тұрғысынан  әрекет  етеді,  әріптестеріне  және  өзінің  айналасына  әсер  етеді,  түпкілікті 

оқытуға  тұрақты  назар  аударады.  Мұғалімдерге  оқыту  және  оқу  тәжірибесін  дамытуда 

жан-жақты  әдістемелік  қолдау  көрсету  мақсатында  мектептердегі  тәжірибелі  көшбасшы 

мұғалімдер оқыту мен өзара оқытудың әртүрлі әдістері мен нысандарын іске асырады. 



11 

 

 



М.Фуллан  осыған  байланысты  табысты  мектептер  кәсіби  корпоративтік  мәдениет 

қалыптастырғанын  және  оларға  негізгі  назарды  даралықтан  (мысалы,  сіңірген  еңбегі, 

мансап  сатысы  бойынша  жоғарылауы  және  т.б.)  мектеп  мәдениеті,  мектептегі  бөлінген 

көшбасшылық,  әдістемелік  көшбасшылық  және  басшыларға,  сыртқы  сарапшы-

әдіскерлерге  әдістемелік  қолдау  көрсету  негізінде    кәсіби  білім  алушы  қоғамдастық 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет