ретінде мектепті дамытуға аударғаны жөн екенін атап көрсетеді (Fullan, M. 2001).
Мектептегі кәсіби білім алушы қоғамдастық мұғалімдердің ғылыми-
әдістемелік құзыреттілігін дамыту тетігі ретінде
Әдістемелік плюрализм жағдайында маманның алуан түрлі заманауи ғылыми-
педагогикалық тәсілдердің ішінде дұрыс бағдарлай білуі, дайын ғылыми-әдістемелік
шешімдерді қолданып және бейімдеп қана қоймай, сонымен қатар кәсіби білім алушы
қоғамдастық жағдайында ғылыми-әдістемелік жұмысты шығармашылықпен іске асыра
білуі маңызды. Ғылыми-әдістемелік құзыреттілікті үздіксіз дамыту арқылы ғана
педагогтің
әдістемелік
қызметке
тұрақты
қызығушылығын
қалыптастыруға,
мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен оқыту дағдыларын дербес және ұжымдық деңгейде
жетілдіруге болады. Демек, қазіргі заманғы мұғалімнен педагогтердің жұмыс орнында
үздіксіз кәсіби оқуын модельдеу және іске асыру үшін қажетті инновациялық білім мен
дағдылар, білім беру мазмұнын үнемі жаңартып отыруды қамтамасыз ету, білім беру
процесін модельдеу және әрбір оқушының ең жоғары оқу нәтижелеріне қол жеткізуіне
көмектесу дағдылары талап етіледі.
Мұғалімдердің
ғылыми-әдістемелік
құзыреттілігін
дамытудың
маңызды
модельдерінің бірі мектептегі кәсіби білім алушы қоғамдастықтар (КБАҚ) болып
табылады. Көптеген ғалымдар мен практик мамандардың пікірінше, КБАҚ педагогтердің
кәсіби дамуы мен оқушылардың табысты оқуы үшін уақытты барынша тиімді пайдалану
мақсатында мектептерді ұйымдастыруға тамаша жағдай жасайды. Р. Болам мұғалімдер
өздерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру мүмкіндіктері мен оқушыларды оқыту
тәжірибесіндегі өзгерістердің арасындағы нақты байланысты байқайтынын анықтаған
(Bolam, R., McMahon, A., Stoll, L., Thomas, S., & Wallace, M. 2005).
Кәсіби мәртебесіне қарамастан, қол жеткізілген нәтижелерді өз бетінше тұрақты
деңгейде сақтай алатындар сирек. Мектептегі мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуын
ұйымдастыру және жүзеге асыру тұрғысынан, КБАҚ өзара оқу бойынша күрделі қызметті
ұйымдастырудың тиімді әдісі ретінде әрекет етеді. Мұғалімдер топтары педагогтердің
қажеттіліктері мен білім беру және кәсіби даму саласындағы стратегиялық міндеттерді
орындау қажеттілігінің арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Сонымен
қатар педагогтердің топтық жұмысы қарым-қатынас барысында адамдардың
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұмысты ұйымдастыру арқылы мектептегі бөлінген
көшбасшылықты
дамыта
алады.
Бұл
мұғалімдер
өздерінің
педагогикалық
тәжірибелерімен бөлісетін және педагогикалық қоғамдастық тарапынан танылатын орта
қалыптастыруға көмектеседі, бұл өз кезегінде педагогтердің ынталануы мен өзін-өзі
бағалауын арттырады.
Осыған орай, кәсіби білім алушы қоғамдастықтар жұмысын іске асыру аясында
мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмысты басқару, ең алдымен, ұжымның барлық
мүшелерін ұйымдық оқытуды әдістемелік қолдауға бағытталған жүйелі тәсілді қажет
етеді. Басқару жүйесін білім беру ұйымының инновациялық дамуы жағдайында ғылыми-
әдістемелік жұмысты басқару моделі арқылы іске асыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |