Байланысты: Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova
Қайталау және жалпылау сабағының құрылымы: 1) ұйымдастырушылық кезең;
2) берілген
материалдың, тақырыптың мәнін көрсететін
мұғалімнің кіріспе сөзі және де сабақтың мақсаты мен жоспарын
оқушыларға жеткізу;
3) құбылыс
пен фактілерді жалпылау негізінде жалпы
білімдерді қалыптастыру және жүйелі түрдегі түрлі ауызша немесе
жазбаша ұжымдық және жеке жаттығуларды орындау;
4) жұмыстың орындалуын тексеру және керек болған жағдайда
түзету;
5) өтілген материал бойынша қорытындыларды қалыптастыру;
6) сабақтың нәтижесін бағалау;
7) нәтижені қорытындылау;
8) үйге тапсырма (күнделікті емес).