Байланысты: Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova
2.4.4. Сабақтың үшбірлік мақсаты Сабақтың үшбірлік мақсаты (СҮМ) – сабақ соңына қарай
мұғалім мен оқушылардың әрекеттестіктерінің арқасында қол
жеткізілетін, алдын ала мұғалім ойластырылған нәтиже. СҮМ – бұл үш: білімділік, дамытушылық және тәрбиелік аспектілерінен тұратын күрделі құрамдас мақсат. Сабақтың
мақсатында мұғалім мен оқушылар ұмтылатын басты нәтиже
тұжырылымдалады.
Сабақтың үшбірлік мақсаты – оған бағыт беретін, мұғалімнің және оқушылардың әректтерінің негізі. Ол мұғалім мен
оқушылардың сабақтағы әрекеттестіктерін айқындайды, сондықтан
ұстаздың әрекетімен ғана емес, сонымен қатар оқушылардың да
әрекетімен жүзеге асады. Екі жақ бірдей ұмтылған жағдайда ғана
мақсатқа жету мүмкін болады. Сондықтан сынып алдында мақсат
оқушыға икемделіп қойылуы қажет [27].
СҮМ-ң үш: білімділік, дамытушылық және тәрбиелік
аспектілерінің әрқайсысын жеке қарастырайық.