65
тәрбие үрдісімен салыстырғанда, баланың дамуы анағұрлым баяу
жүретінін ескермей, әр сабаққа жаңа дамытушылық мақсат қоюға
тырысады.
Екіншісі – даму дербестігіне өте қатысты болып келеді
және ол маңызды дәрежеде дұрыс ұйымдастырылған оқу мен тәрбие
нәтижесі ретінде іске асырылады. Бұдан шығатын қорытынды:
мақсаттың бір дамытушылық аспектісі бірнеше сабақтың үшбірлік
мақсатында тұжырымдала беруі мүмкін, ал кейбір кезде бір тараудың
сабақтарына да жарайды.
СҮМ-ң дамытушылық аспектісі бірнеше блоктан құралады:
Тілді дамыту – сөздік қорды молайту және күрделендіру; оның
мағыналық функциясын күрделендіру (жаңа білім түсінудің жаңа
аспектілерін әкеледі); сөздің коммуникативтік қасиеттерін кеңейту
(бейнелі, айқын, мәнерлігі); оқушылардың тілдің шығармашылық
кейіптері мен мәнерлі қасиеттерін үйренуі. Тіл дамуы – оқушының
интеллектуалды және жалпы дамуының көрсеткіші.
-
Ойлау қабілетін дамыту – сұрыптауға, басты ойды
ерекшелеуге, ұқсастықты құруға, салыстыруға, жалпылау мен
жүйелеуге, дәлелдеу мен теріске шығаруға, ұғымдарды анықтау мен
түсіндіруге, мәселені қою мен шешуге үйрету. Бұл амалдарды үйрену
– ойлай білу дегенді білдіреді.
-
Сенсорлық өрісін дамыту – мұнда көз өлшемін дамыту,
кеңістік пен уақытты тұспалдау, түстің, жарық пен көлеңкенің,
пішіннің, дыбыстың, сөз реңінің дәлдігі мен сезімталдығын
(нәзіктігін) айыра білу.
-
Қозғалыс жүйесін дамыту – ұсақ бұлшық еттердің
моторикасын, өзінің қозғалыс әрекеттерін басқара білу, ыңғайлы
қозғалысты дамыту, қозғалыс өлшемін және т.б. меңгеруді
қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: