№4 Дәріс
Тақырыбы: Ғылым тарихы мен философиясындағы ғылыми білім мселесі
1.Ғылыми білім берудің ерекшелігі
2.Ғылыми білімнің дамуының классикалық кезеңі
Ғылым, білімнің құрылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере
алатындай мүмкіндікке жеттік. Сонымен, ғылым дегеніміз — арнаулы қоғамдық
қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей
тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі.
Ғылымның дамуында ғалымның тұлғалық ерекшеліктерінің белгілі бір рөл
атқаратынын жоққа шығармасақ та, керінбейтін білімді М.Полани секілді тым әсірелеуге
болмайды, бұл білімнің иесі ұжымдық субъект екендігін ұмытпаған дұрыс. Білімді тек
жеке білім деп түсіну – қате.
Әрине, тек дәстүрлерге сүйенсе, ғылым дамымай қалар еді. Ғылыми білімнің
құрылымында жаңалықтар да ерекше рел атқарады. Ғылыми субъект парадигма-
дәстүрлерді басшылыққа алып қана қоймай, оларды жаңалықтармен үнемі толықтырып
отыруы тиіс.
Ғылымның дамуындағы ғылыми жаңалықтардың рөлін көрстеу үшін алдымен
ғылымның онтологиясын анықтап алған дұрыс. Ресей ғалымы В.В.Ильин ғылымының
онтологиясын: 1) гылымның алдыңгы шебі; 2) гылымның мыгым ядросы; 3) гылымның
тарихы құрайды деп есептейді.
Ғылымда ғылыми ақыл норма-ережелері бойынша ұйымдастырылған қызмет
рационалды қызмет болып саналады. Бірақ нормалардың да шегі
бар, оны практика көрсетіп-анықтайды. Ғылыми нормаларды сипаттау күрделі, себебі
олар көп және жан-жақты, себебі ғылым сантүрлі, бір-біріне ұқсай бермейтін,
әрқайсысының өзіндік зандылықтары бар салалардан және ғылыми субъектілерден
тұрады. Сондықтан ғылыми қызметтің барлық ерекшеліктерін қамтитын, ғылыми
субъектілердің бәрі бірдей мойындап, қабылдайтын нормалар ұсыну, әрине, қиын.
Ғылыми білімнің тағы бір іргелі бағыты — қоғамтану. Оның пәні болып
қоғамдық қубылыстар мен жүйелер, қурылымдар, жағдайлар процестер табылады,
қоғамдық ғылымдар қоғамдық байланыстар мен цатынастардың жеке түрлері мен
барлық жиынтығы туралы білім береді. Өзінің сипаты бойынша қоғам туралы ғылыми
білімдер сан түрлі, олар жалпы үш бағыт бойынша топтастырылған: зерттеу пәні
қоғам болып табылатын әлеуметтік бағыт; халықтың еңбегін, меншіктік қатынасты,
қоғамдық өндірісті, айырбасты, таралуды және осыларға негізделген қоғамдық
қатынастарды зерттейтін экономикалық бағыт; сонымен бірге мемлекеттік-құқықтық
құрылымдарды және қоғамдық жүйелердегі қатынастарды пәні ретінде қарастыратын
мемлекеттік-құқықтық білімдер бағыты.
Ғылыми білімнің іргелі бағытын адам және оның ойлау жағдайы туралы
ғылыми жүйе құрайды. Адамзат жан-жақты аспектілерде қарастырылып,
көптеген ғылым салалары арқылы зерттеледі. Ондай ғылым салаларына —
гуманитарлық ғылымдар (психология, логика тағы басқа) және математика жатады.
Аталған негізгі ғылыми бағыттармен қатар, ғылымның өзін зерттейтін ғылыми
салаларды жеке топқа жатқызуға болады. Ғылымның бұл салалары XX ғасырдың 20-
шы жылдарында пайда болды және бұл өз бетінше ғылымның адамзат өміріндегі рөлі
мен маңызын анықтай алатын дәрежеге көтерілгенін білдіреді. Ғылымтану қазіргі
кезде өз бетінше, тез дамып келе жатқан ғылыми пән болып саналады.
Ғылым, білімнің құрылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере
алатындай мүмкіндікке жеттік. Сонымен, ғылым дегеніміз — арнаулы қоғамдық
қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей
тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі.
Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты.
Олар бірнешеу:
1) түсіндіру — табиғат объектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып,
түсіндіру;
2) жүйелеу — жиналған фактілік материалдарды сурыптап, бір жүйеге енгізу;
3) суреттеу — қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін сипаттап
көрсету;
4) болжам жасау — дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму
дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау;
5) қорытынды жасау — табиғаттағы болып еткен, қазіргі кезде жүріп жатқан
және болашақта күтілетін процестерді есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды
жасау;
6) жаңалық ашу — табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар
шығару;
7) өндірістік-тәжірибелік бағыт беру — алған білімді өндірісте, әлеуметтік
басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі;
8) дүниетанымдық — алған білімді әлемнің обьективті картинасымен
байланыстыру.
Адамзат өз тарихында сипаты бойынша сан алуан білімдерді жинақтады,
ғылыми білім — сол білімдердің тек бір түрлі ғана болып саналады. Сондықтан
ғылымға қойылатын критерийлерді білу өте қажет.
Ғылым дамуының классикалық кезеңі ХVІ-ғасырдан басталды деуге болады. ХVІ-
ғасыр – адам рухының қайта өркендеген кезеңі. Қалалардың көбеюі адамның сезімдері
мен өмірлік құндылықтарының жаңа деңгейде дамуына оң әсерін тигізді. Университеттер
пайда бола бастады, олар әлі күнге дейін ғылым ордасы болып есептеледі. Өркендеу
дәуірінде елеулі ғылыми жаңалықтар дүниеге келді, осы кезеңде ғылым мен өнерді
біріктірген ғұламалар өмір сүрді. Олардың бәрінің есімдерін және олар ашқан
жаңалықтардың бәрін бірдей атап шығу мүмкін емес. Ең басты тұлғаларды ғана атасақ:
Леонардо да Винчи (1452-1519) – ұлы суретші және қазіргі жаратылыстану ғылымының
пионері; Николай Коперник (1473-1543) поляк астрономы, дүниенің гелиоцентристік
жүйесін ашты; Джордано Бруно (1548-1600) – әлем біртұтас, шексіз, үнемі өзгеріп
отыратын монадолардан тұрады деп тұжырымдады; Галилео Галилей (1564-1642) – Жер
айналып отырады, дүниені математика, механика ғылымдарының, ақыл-ойдың көмегімен
тануға болады деп пайымдады.
Одан бергі ғылымдағы негізгі революциялық жаңалықтар – атом бөлшек-терінің
ашылуы, атом бомбасының жасалуы, космосты игеру, ғылым же-тістіктерінің өндіріс
саласына көптеп енгізілуі немесе ғылымның өндіргіш күш ретінде қарқынды дамуы,
электроника және кибернетика салалары жетістіктерінің адамның өмір сүруін жеңілдету
үшін қолданылуы, яғни, ғылымның адамның күнделікті тұрмысында кең орын алуы.
Бұл классикалық кезең Галилей мен Пуанкареге дейінгі ХVІ-ХХ ғасыр-ларды
қамтиды. Неоклассикалық емес қазіргі кезеңде ғылым жеке салаларға бөлініп кетті. Бұл
құбылыс ғылымның дағдарысына әкеліп соқты деуге болады. Оның басты себебі –
ғылымның басты мақсаты – жалпы дүние туралы білім жинау екендігі ұмыт болды және
дүниені тұтас нәрсе деп қарастыру принципі естен шығарылды, әрбір ғылым өзімен-өзі
болып кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |