Философия және саясаттану факультеті «философия» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата31.12.2021
өлшемі0,86 Mb.
#23119
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Ғылым тарихы мен филос. Дәрістер.

№3 Дәріс 

 

Тақырыбы:  Орта ғасыр мен Қайта өрлеу кезеңіндегі ғылым дамуы 

 

1. Орта ғасырдағы батыс Еуропадағы ғылым мен дін 

2. Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылым мен діннің қайшылығы  

3. Жаңа замандағы ғылыми таным мәселелері 



 

Орта ғасыр философиясының ерекшеліктері, мәні. Ежелгі шығыс философиясы 

мен  антикалық  философия  адамзаттың  өркениетінің  дамуына  өзіндік  үлес  қосты. 

Аристотельге  дейінгі  грек  философиясы  б.э.д.  6  –  ғасырдан  бастап  кейінгі  Рим 

философиясына  дейін  өзіндік  ізі  бар,  дәстүрі  бар  философиялық  мектептер 

қалыптастырды. Сондықтан грек Рим философиясы тұтас шектеулі жабық философия деп 

аталады.  Бірақ  та  қалыптасу,  шарықтау  кездері  сонымен  қатар  тоқырау  замандарын 

басынан өткізді. Рим философиясынан кейін Европада жаңа философия рухани құбылыс 



ол  негізінен  християндық  философиялық  дүниетанымнан  пайда  болды.  осы  көзқарас 

бойынша ортағасырлық философия батыста I – XV ғасыр аралығын қамтиды. 

Орта 

ғасыр 


философиясы 

басты 


ерекшелігі 

дін 


проблемасы 

мен 


байланыстылығында.  Философияның  дамуы  батыс  христиандық  догмалы  шіркеу 

конондарын  ескере  отырып  дамыды,  себебі  сол  дәуірде  мәдениет  пен  білімнің  дамуына 

дін  ықпал  етіп  отырды.  Орта  ғасыр  батыс  философтары  негізінен  дін  басылары 

қызметкерлер  болып,  батыс  философиясының  басты  проблемасы  дінмен  байланысты 

ерекшелікке  ие  болды.  Мысалы:  дүниені  құдай  жаратты  ма?  әлде  өзіндік  бағытта  өмір 

сұре ме? 

Философия мен діннің жақындасуын философияның сакрализациясы дейміз. 

Орта ғасырлық философияның негізгі кезеңдері: 

1.  Потристика 

2.  Схоластика 

1 – кезең “Потер” - әке, шіркеу әкесі деген. Философия тарихында бұл кезең 1 – 11 ғасыр 

қамтиды.  Оның  негізін  салушылар  өз  дәуірінің  ойшылдары  ұлы  Василий,  Августин, 

Ориген т.б. 

Потристикалық негізі проблемалары: 

1.  Сенім және ақыл ойдың қатынасы. 

2.  Тарихты қозғалыс деп түсініп нақты анықтаушы мақсаты бар деп ойлау. 

3.  Құдайдың мәні және тринитарлық проблема. 

4.  Адам бостандығы адам жанының құтқару. 

5.  Дүниедегі зұлымдылықтың пайда болу проблемасы. 

2  –  кезең  схоластика  кезеңі  11-  15ғасыр  философиялық  ойдың  өрлеуін  көреміз. 

Схоластика термині - “Мектеп”. 

Мектеп  философиясы  деген  ұғымды  білдіреді.  Сол  кезеңдерде  Европада 

университетте философия пән ретінде оқытылды. 

Схоластикалық  философия  өкілдері  Фома  Аквинский,  Альберт  фон  Больштедт, 

Раймунд Луллий, т.б. Мәселен, Альберттің пікірінше, жалпы ұғым (әмбебаптар) үш түрлі 

өмір  сүрді.  Олар:  1.Заттардан  бұрын  құдай  санасында  пайда  болып,  сол  арқылы  барлық 

заттар,  тіпті  бұкіл  әлем  жаратылды;  2.Заттардың  өзінде көптің бірі  ретінде;  3.  Заттардан 

соң адам санасында бұрынғының белгісі ретінде өмір сүреді 

Ф.  Аквинский  (1225-1274)  –  орта  ғасырдағы  реалистік  философияның  ірі  өкілі, 

қазіргі католизм дінінің рухани пірі, әулиесі. Ол Аристотельдің идеалистік философиясын 

өз пайдасына қолданып, материя түрден тыс өмір сүре алмайды, деді. 

Схоластикада  көтерілген  проблемаға  қарап  номинализм  және  реализм  бағыттары 

қалыптасты.  Схоластикалық  философиядағы  теориялық  проблема  құдай  болмысы.  Осы 

проблеманы көтерген философ Кентерберский болды. Оның  негізгі идеясы егер адамдар 

құдай туралы ойлайтын болса онда құдайдың бар болғаны ақиқат дегенді білдірді. 

Кентерберскийдің  схоластикаға  қосқан  үлесі  уневерсализм  ақиқат  данышпандық 

түсініктерін  қалыптастыру  болды.  Осы  кезден  бастап  нақты  өмір  сүретін  құбылысты 

анықтау үшін реализм термені енгізілді. 

Схоластика  проблемасын  негізін  қалаған  Росцелий  номинализм  терминін  енгізді, 

оның негізгі концепциясы мынада: универсализм жалпы түсінік - бұл сөз, ал адам дауысы 

бұл номинал осыдан номинализм деген сөз шыққан. 

Орта  ғасырлық  бағытта  жалпы  идеалистік  көзқарас  оның  басты  мақсаты,  діннің 

маңыздылғын  адам  үшін  қажеттілігін  дәлелдейді.  Орта  ғасырлық  философия  өз 

проблемаларын  шешуде  онтологиялық,  гнесологиялық,  космологиялық  әлеуметтік 

проблемаларды дінді қорғауға қолдауға бағыттайды. 

Орта  ғасырлық  философияда  қоғамдық  саяси әлеуметтік  проблемалар  шешу  үшін 

теологияға жүгінеді. Теология грек тілінен алғанда құдай туралы ілім деген сөз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет