Философия және саясаттану факультеті «философия» кафедрасы


Тақырыбы: Құндылықтар табиғаты мен олардың әлеуметтік-гуманитарлық



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата31.12.2021
өлшемі0,86 Mb.
#23119
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
Ғылым тарихы мен филос. Дәрістер.

Тақырыбы: Құндылықтар табиғаты мен олардың әлеуметтік-гуманитарлық    

маңызы 

  

1.Құндылық түсінігінің тарихи дамуы. 



2.Г. Риккерт және М. Вебер пікірлері. Ғылыми танымға қатысты 

                 аксиологияның қоланылуы. 

3. Кеңестік философиясындағы ғылым мен мәдениет мәселесі. 

 

Ғылымда  ғылыми  әдістердің  қалыптасу  мен  қызмет  етуінде  аксиологтялық,  яғни 



құндылықтық  аспектілер  анықталды.  Тек  әлеуметтік  институттардың  әсер  етуі,  капитал 

салымдарының  саясаты,  ғылымның  мемлекет  қолдауына  сүйенуі  ғана  емес,  сонымен 

қатар,  ғалымдардың  құндылықтық  бағдарлануы  да  ғылыми  танымды  әлеуметтік-мәдени 

және тарихи тұрғыдыан түсіндіреді. 

Ғылыми-танымдық  қызметтің  идеалдары,  методологиялық  және  коммуникативті 

нормалардың,  ережелердің,  парадигмалар  мен  көру  тәсілінің,  дүниетанымдық  және 

этикалық  құндылықтардың  жүйесі  зерттеушінің  ғыдыми  қызметінің  сипаты  мен 

нәтижелеріне ықпал етеді.  

«Құндылық»  түсінігі  мен  оның  мазмұны  философиялық  рефлексияның  пәніне 

жақында  ғана  айналды.  Көптеген  зерттеушілер  құндылықтық  мәселенің  мазмұндалуын 

Герман  Лотценің  (1817-1881)  философиялық  ілімінен  бастаса,  енді  біреулері  оны  И. 

Кантпен байланыстырады.  

Құндылықтар  мәселесін  антикалық  немесе  ортағасырлық  дүниетаным  шеңберінде 

талқылау өзінің мәні жөнінен дұрыс еме болып табылады. Әрине, құндылықсыз дәуірдің 

болуы мүмкін емес, қай заманда болмасын, адам белгілі бір түсініктерге сеніп, ұмтылуы 

қажет  деген  қарсы  пікір  айтылуы  мүмкін.  Ол  да  дұрыс,  алайда  бұл  құндылықтың  нақты 

мән-мақсатын ашпайды. Платон өзінің «Мемлекет» деп аталатын диалогында әділеттілікті 

ең  жоғарғы  ізгілік  ретінде  бағалайды.  Платонның  пікірінше,  әділеттілік  халықты  ортақ 

игілікке жеткізуші рөлін атқарса да, оны ең жоғарғы құндылық деп санау қате болар. 

«Бағалы,  құнды»  сөзінің  грек  тіліндегі  эквиваленті  «axios»  -  «лайықты»  деп 

аударылып,    құндылықтар  туры  ғылымның  атауына  айналды  –  аксиология.  Алайда  ол 

кезеңде «лайықты» түсінігінің бағалаулық сипаты болған жоқ. 

Өзінің  мәні  жөнінен,  «құндылықтар  адамныі  әлеуметтік  және  табиғи 

шынайылылықтағы  бағдарлануының  нормативтә  формасы  қызметін  атқарады». 

«Құндылық» түсінігі мен функционалды мақсатының осылайша анықталуына И. Канттың 

трансценденталды  философиясы  әсер  етті.  Кантка  сәйкес,  өнегелік  сферасы  ерікті 

заңнамамен  бекітіледі.  Бұл  ұстанымдарды  адамның  өзі  таңдайды  және  соған  сәйкес  өз 

еркін  бағындырады.  Олай  болса,  еріктің  автономиясы  құндылықтың  негізі  болып 

табылады.  Құндылықтар  болмыстың  саласына  жатпай,  яғниғ  өзімен  өзі  тіршілік  етпей, 

талаптар мен бұйрықтар ретіндегі «міндетті» нәрселердің қатарына жатады. Тек идеямен 

ғана анықталатын біріңғай нәрселерді Кант «идеалдар» деп атады. 

«Құндылық»  түсінігінің  мәнін  зерттеуді  Г.  Лотце  өзінің  «теологиялық  идеализм» 

ілімі шеңберінде қарастырды. Өзінің «микрокозм» атты фундаменталды шығармасында ол 

сананы «құндылықты-қабылдаушы» ретінде анықтады. 

Лотценың  кейбір  идеялары  оның  шәкірті,  неокантшылдықтың  бадендік  мектептің 

негізін салушы  В.  Виндельбандтың шығармашылығында көрініс тапты. Оның пікірінше, 

ғылыммен  табылған  кез  келген  білім  өзінің  құндылығын  дәлелдеу  үшін  философиялық 

тексерістен өтуі керек. 

Ғылыми білімге қатысты құндылықтар туралы ілім фундаменталды неміс философы 

Г.  Риккертпен  жасақталды.  Құндылықтарды  «жеке  патшалық»  ретінде  сипаттай  келе, 




әлемнің  субъектілер  мен  объектілерден  емес,  шынайылылық  пен  құндылықтардан 

тұратынын мақұлдайды.  

Құндылықтардың  негізі  олардың  фактілігінде  емес,  мәнділігінде  жатыр.  Олар 

мәдениет  пен  оның  игілігінде  көпшілік  сипатында  көрініс  тапты.  Осыған  сәйкес, 

құндылықтар  теориясы  ретіндегі  философияның  бастапқы  пункті  –  бағалаушы  субъект 

емес,  шынайы  объектілер  ретіндегі  мәдениеттегі  құндылықтар  көпшілігі  болуы  керек. 

Құндылықтарды  философиялық  танудың  басты  процедураларының  бірі  –  оларды 

мәдениеттен  межелеу.  Риккертке  сәйкес,  3  саланы  бөлуге  болады:  шынайылылық, 

құндылықтар  мен  мәндер.  Және  танудың  3  әдісін  бөлуге  болады:  түсіндіру,  түсіну  және 

интерпретация. 

Құндылық 

ұстанымына 

сүйеніп, 

мәдени 


үдерістерді 

табиғи 


құбылыстардан  айыруға  мүмкіндік  туады.  Риккерт  және  оның  жақтастары  ұсынған 

тарихи-индивидуаландырушы  әдіс  құндылықпен  байланыстырушы  әліс  деп  бағалана 

алады. оған қарсы жалпылаушы әдіс мәдени құндылықтарды мүлдем елемейді. 

Тарих философиясы әрқашан құндылықтармен қиысады, сондықтан тарих логикасы 

тұрғысынан Риккерт құндылықтардың типологиясын жасады: 

Эмпирикалық  тарихи  танымның  нормалары  мен  формалары  негізделетін  құндылықтар

Тарихтың өзін бекітуші құндылықтар; Тарих үдерісінде жүзеге асатын құндылықтар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет