Философия және саясаттану факультеті «философия» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата31.12.2021
өлшемі0,86 Mb.
#23119
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
Ғылым тарихы мен филос. Дәрістер.

 

 


 

 

№5 Дәріс 

 

Тақырыбы:  Ғылым  философиясының әлеуметтік қырлары 

1.  Ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеу 

2.  Ғылымды  зерттеу негізгі аспектілері 

3.  Ғылымның, философияның және діннің арақатынасы 

Ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеу аса маңызды және ол  ғылым мен ғылыми 

қызметті зерттейтін басқа пәндердің арасында ерекше, басты орын алады. Ғылымды 

зерттеудің әр түрлі жеке методтары мен арнайы ғылымтану пәндері қаншалықты 

профессивті және өзекті болғанымен, олар ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеудің 

орнын баса алмайды. Философия ғылымды қоғамдық сананың белгілі бір формасы және 

адамның дүниеге көзқарасын анықтаушы теориялық сана ретінде, қоршаған ортаға 

қатынастың типі ретінде сараптайды. 

      


 Тарихта мәдениеттің бір сферасының екіншісіне зиянын тигізе отырып ерекше 

бөлініп шығуының мысалдары көп. Ең алдымен бул орта ғасыр мен Жаңа уақыттағы 

ғылымның,  философияның  және  діннің  арақатынасына  байланысты.  Ортағасырлық 

ғылым  діннің  билігінде  болғандықтан,  антикалық  ғылымның  жетістіктері  ұмытылуға 

айналып, ғылым бірнеше қадам артқа шегінгені белгілі.  

Тек  қана  XIX  ғасырда  жаратылыстанудың  жетістіктеріне  байланысты  ғылым 

адамзат  пен  қоғам  дүниетанымында,  мәдениетіндебасымдылыққа  ие  болды.  Содан 

бастап  ғылым  мен  философия  арасында  осы  уақытқа  дейін  басылмаған  дау-дамай 

басталды, олардың әр қайсысы шындықты айқын көрсету қүқығына ие болғысы келді. 

Ғылым ешбір шектеусіз барлық сүрақтарға жауап беріп, адамзатты жарқын болашаққа 

бастауды мақсат етті. Әдетте мұндай болашақ ғылым мен техниканың жетістіктерінен 

болатын  материалдық  игілік  пен  тоқшылықты  білдіретін.  XX  ғасырдың  басындағы 

адамзаттың  көп  бөлігіне  қатысты  тіршіліктің  төменгі  деңгейінде  болашаққа  деген 

мундай  көзқарас  бұқара  халық  тұрмақ  саясаткерлерге  де,  тіпті  ойшылдарға  да 

(философтар,  жазушылар,  суретшілер)  түсініксіз  боп  қала  берді.  XX  ғасырдың 

басында  философтар  мен  мәдениеттанушылардың  аз  бөлігі  бүл  жолдың  апатқа  бас-

тайтынын ашық айтты. Бұл XX ғасырдың ортасында атом қаруын жасау экологиялық 

апаттың төнуі арқылы расталды. 

  

Соған  қарамастан,  сциентизм  идеологиясының  қалдықтары  —  ғылымның 



жалғыз  ғана  құтқарушы  екендігіне  сену  —  осы  уақытқа  дейін  сақталып  келеді. 

Ағартушылық  қойнауынан  дамып,  позитивизм  философиясында  дамыған  бундай 

көзқарас  XX  ғасырдың  екінші  жартысында  қоғамдық  және  гуманитарлық  пәндерден 

жаратылыстану  ғылымдарының  жетістіктерін  асыра  мақтап  көрсетуге  көшті.  Осы 

сенім  планетаның  қазіргі  жағдайына,  термоядролық  апат  қаупіне,  ең  бастысы  — 

мәдениеттің этикалық және эстетикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне, технократтық 

психологияның күшеюіне әкеп соқтырды. 

Сөз жоқ, ғылым — адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. 

Ол  адамзат  өмірін  ұрпақтан-ұрпаққа  жеңілдетіп,  тәуелсіз  етеді  және  материалдық, 

рухани байлықтың негізіне айналады. 

Ғылым  адамзат  мәдениетінің  бір  сферасы  ғана,  оның  өз  ерек-шеліктері  мен 

мақсаттары бар, бүларды басқа түрге қолдан өзгертуге болмайды. Ал ғылым жеке өзі 

адамзат  өркениетінің  ең  жоғарғы  құндылығы  бола  алмайды,  ол  —  тек  адамзат  өмір 

сүруіндегі әр  түрлі мәселелерді шешетін бір құрал ғана. Қалыпты, үйлесімді қоғамда 

ғылымға  да,  өнерге  де,  философияға  да,  дінге  де,  адамзат  мәдениетінің  басқа  да 

құрамдас бөліктеріне бір уақытта орын табылады. 




 Ғылыми  білімнің  үшінші  іргелі  бағытын  адам  және  оның  ойлау  жағдайы   

туралы  ғылыми  жүйе   құрайды.  Адамзат   жан-жақты   аспектілерде қарастырылып, 

көптеген ғылым салалары арқылы зерттеледі. 

Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз ғылымға нақты анықтама бере 

аламыз. 

Ғылым  —  жаратылыс  туралы  объективті  білім  жиынтығы  болып  саналатын 

адамзат мәдениетінің бір бөлігі. Бұл түсініктің мазмунына сонымен қатар білімді алу 

процесі  мен  оларды  адамзаттың  тәжірибелік  өмірінде  қолдануының  түрлері  мен 

механизмдері кіреді.  

Объективті  жаратылыстың  философиялық  түсінігі  табиғат,  қоғам  және 

адамзатты қамтиды. Соған байланысты обьективті жаратылыстың осы үш элементіне 

білімнің үш сферасы нақты қарастырылады. 

 Жаратылыс сферасына және зерттелетін ақиқат дүниенің түріне байланысты ғылыми 

білімнің үш бағытын анықтауға болады: жаратылыстану- табиғат туралы білім жүйесі, 

қоғамтану  —  қоғамдық  емірдің  түрлері  мен  формалары  туралы  білім  жиынтығы, 

сонымен қатар адам-затты ойлау қабілеті бар жанды зат ретінде  қарастыратын ойлау 

білімдерінің жүйесі. 

Табиғат туралы барлық білім жиынтығы жаратылыстану арқылы қалыптасады. 

Оның  құрылымы  табиғат  логикасының  нақты  көрінісі  іспетті.  Жаратылыс 

ғылымдарының  білім  жүйесі  орасан  зор  және  әр  алуан.  Мұнда  заттар  мен  олардың 

қүрылысы,  заттардың  қозғалысы  мен  әрекеттесуі,  химиялық  элементтер  мен 

қосылыстар,  тірі  материя  мен  тіршілік,  Жер  және  Космос  туралы  білім  жүйесі  енеді. 

Жаратылыстанудың  осы  объектілерінен  іргелі  ғылыми  жаратылыстану  бағыттары 

бастау  алады.  Денелер,  олардың  қозғалысы,  олардың  әр  түрлі  деңгейлердегі  пайда 

болу  формалары  мен  айналымдары  физикалық  ғылыми  білімнің  зерттеу  объектілері 

болып  табылады.  Іргелі  сипаты  бойынша  олар  жаратылыстанудың  негізіне  жатады 

және басқа да білім салала-рын қамтиды. 

 Химиялық  элементтер,  олардың  қасиеттері,  айналымдары  мен  қосылыстары 

химиялық  білім  жүйесінде  көрініс  табады.  Физикалық  білім  жүйесімен  көбірек 

байланысты  болғандықтан,  аралық  пәндердің  тобы  —  физикалық  химия,  химиялык, 

физика т.б. пайда болды. 

Биологиялық  білімдер  тіршілік  туралы  білім  тобын  қамтиды,  олардың  зерттеу 

объектілері клетка мен клеткадан пайда болған барлық ағзалар. Биологиялық білімнің 

негізіне зат, химиялық элементтер туралы білім жатады. Жоғарыда айтылғандай мунда 

да аралық пәндер, атап айтқанда, биофизика, биохимия т.б. дамиды. 

Жер  Күн  жүйесіне  енетін  бір  планета  есебінде  геологиялық  білімдердің  зерттеу  пәні 

болып табылады. Олар біздің планетамыздың қурылысы мен дамуын зерттейді. Басқа 

ғылымдар тобымен бірлесу арқылы геохимия, геофизика, палеонтология сияқты жаңа 

салалар пайда болды. 

Өте ертеден бері дамыған, сонымен қатар ғылымдағы жаңа бағыттардың да қатарына 

жататын білім жүйелелерінің бір тобы-космологиялық білімдер, олардың зерттеу пэні 

—  Бүкіл  әлем.  Космология  —  космостық  объектілердегі  жағдайлар  мен  өзгерістерді 

зерттейді. 

 

 



 

 

 



 

 



  №6 Дәріс 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет