Өнімге жоспарланған бағалар Жылқы етінен жасалған тушенка
тг/кг, ҚҚС-сыз
300
Сиыр етінен жасалған тушенка
тг/кг, ҚҚС-сыз
300
Қой етінен жасалған тушенка
тг./кг. ҚҚС-сыз
300
Өнімнің бәсекелес құны келесілерден құрылады:
- жоғары технологиялы жабдықты пайдаланудан;
- сапалы шикізатты пайдаланудан.
Сатылым бағдарламасын есептеу барысында құнсыздану назарға алынған жоқ, себебі құнсызданумен байланысты
бағалардың жоғарлауы кәсіпорынның сату бағаларының ұлғаюына тікелей әсерін тигізеді.
Маркетинг жоспары және нарық талдауы. Өнім (қызметтер) нарығының сипаты
Ағымдағы жылы Қазақстанда ет өнеркәсібі өндірістің бірден өсімін көрсетті. 2017 жылдың алғашқы 4 айы үшін етті
өңдеумен және ет өнімдерінің өндірісімен айналысатын кәсіпорындар өткен жылдың баламалы кезеңі үшін физикалық
көлемде 8,8% көбірек өнім шығарды.
Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірде сектордағы шығарылымның жалпы құны бір жыл бұрынғы деңгеймен салысты-
рғанда 25% өсіп, 62,4 млрд теңгені құрады.
2013-2016 жылдары секторда өндірістің өсу қарқындарының жыл сайынғы төмендеуі байқалды, 2012 жылғы қаңтар-на-
урыздағы 14,7%-дан өткен жылғы 0,9% дейін. Сонымен қатар, өткен жылы сала белсенді қатысушылар қатарының бірден
қысқаруына ұшырады – ет өнеркәсібіндегі кәсіпорындар және өндірістер саны 2015 жылдың сәуір айының соңындағы
деңгеймен салыстырғанда 16% төмендеген.
Қарағанды облысының сауда желісінде жергілікті өндірушілердің өнімдерінен басқа, ет өнімдерінен жасалған кон-
сервіленген өнімдердің барынша кең ассортименті ұсынылған, сонымен қатар, сатылымда ресейлік компаниялар өнімі
бар. Цехтің өндірістік қуаттылығы ауысымына 9 600 консервіге дейін. Өсіп келе жатқан бәсекелестік жағдайларында
өндірушілер сатып алушылардың сұранысын зерттеуге үлкен көңіл бөлуі және өнімнің бәсекелестікті арттыруға бағыт-
талған кәсіпорындардың өндірістік және өткізу бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізуі тиіс.
Қазақстанда жоғары сапалы өнім ұсынатын жоғары технологиялық және заманауи өндіріс секілді жаңа кәсіпорын
ұсыну қажет.
Бастапқы кезеңде өнім шығарылымын бастағанға дейін 1-2 ай бұрын мал шаруашылығы өнімінің өндірісін бастау
туралы мақалаларды және отандық тауар өндірушісінің жарнамасын баспаға жариялаумен PR-компания өткізу қажет.
Сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру келесі сәттерге байланысты болады:
- сапалы өнім;
- басқалармен салыстырғанда бағалардың салыстырмалы төмен деңгейі;
- білікті қызметкерлер құрамы;
- заманауи жабдық;
- сұранысты ынталандыру бағдарламаларын іске асыру.
Жобаны іске асырудың бірінші айлары кәсіпорын директоры сауда желілеріне барып, тауарды өткізуге ұсынатыны
жоспарланып отыр. Нарықта отандық өндірістің ысталған өнімдер аздығын ескере отырып, сатып алушылар бұл өнімге
назар аударып, оны «сынама үшін» алатын болады. Өнім сатып алушыларға ұнаған жағдайда, бұл сатып алушылар
тұрақты клиенттер болады. Сауда желілерінен басқа, шағын азық-түлік дүкендерімен ынтымақтастық туралы шарттар
жасасу жоспарланған.
Нарыққа тауарды жылжытудың негізгі құралы сұраныстың күшті ынталандырушыларының бірі ретінде жарнама бо-
лады.
Өндірілген өнімді сату бөлшек сауда нүктелері, дүкендер және павильондар арқылы жүзеге асырылады. Компания
өнімінің тұтынушылары жеке және заңды тұлғалар болады. Сонымен қатар, шеткі аудандарға өнімді жылжыту мақсатын-
да көтермен сауда делдалдарымен жұмыс жоспарланып отыр.
Жарнамалық кампанияның стратегиясы: бірінші үш ай ішінде болашақ тұтынушыларда тауар және компания туралы
пікір қалыптастыру, ол бірінші кезең ішінде қарқынды жарнама қажеттілігін түсіндіреді.
Шығарылған өнім жарнамасы хабарландыру тақталарына, бұқаралық ақпарат құралдарына, интернет желісіне ақпарат
орналастыру арқылы, сонымен қатар, сауда кәсіпорындарына жеке бару барысында жүзеге асырылады.
Негізгі және әлеуетті бәсекелестер
Кәсіпорынның негізгі бәсекелестері ҚР және облыстағы еттен жасалған консервіленген өнімдерді өндіру жөніндегі
кәсіпорындар болып табылады.
145
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz