Кадр саясаты тиімділігінің қадау көрсеткіштері: 1. адам капиталының/еңбек өнімділігінің кірістілігі;
2. 1 (бір) қызметкерге шаққанда экономикалық қосымша құн;
3. қызметшілерге жұмсалатын шығын;
4. қызметкерлердің тұрақтамаушылығы;
5. менеджмент арасында қызметкерлердің тұрақтамаушылығы;
6. қызметшілердің тұрақтылық көрсеткіші;
7. қызметшілердің қанағаттанушылығы.
«Ұйымдық құрылымды жетілдіру. Кадрларды жоспарлау, іріктеу жəне орналастыру» бағытының міндеттері: -
қызметкерлер жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында
стратегиялық мақсаттарға жəне міндеттерге сəйкестікті, құрылымдық бөлім-
шелер жəне қызметкерлер міндеттерінің айқын бөлінуін, ұйымдық құрылымды
жүйелі қайта қарап отыру;
-
жұмыс орындарына біліктілік талаптарды, топтық құзырет бейінін
əзірлеу мен жетілдіру;
-
еңбек нарығын талдау;
-
қоғамның қысқа мерзімді жəне ұзақ мерзімді келешекте қызметшілерге
қажеттілігін талдау жəне болжау;
-
кəсіби құзыреттіліктің жəне қызметкерлер құзыреттілігінің жұмыс
орындары талаптарына сəйкестігін талдау;
-
қадау лауазым орындары бойынша кадрлармен қамтамасыздық дең-
гейін талдау жəне есебін жүргізу;
-
жоғары білікті мамандарды іздеу жəне іріктеу, үміткерлер мəлімет-
терінің қорын жүргізу, бос əкімшілік лауазымдарға қызметшілерді іріктеу
кезінде конкурстық рəсімдердің ашық болуын енгізу;
-
міндеттерді қайта бөлу, əкімшілік деңгейде міндеттердің қайталануы-
нан бас тарту, жаңа технологияларды енгізу.
Кадрларды іріктеу жəне орналастыру тиімділігінің қадау көрсеткіштері:
1. бір бос орынды жабуға кететін уақыт;
2. іріктеу сапасы – жұмыстың алғашқы жарты жылы ішіндегі тұрақта-
маушылық.