«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлерін тарту, ұстап қалу жəне ынталан-
дыру – адам ресурстарын басқару саласында компания алдында тұрған негізгі
міндеттер. Қазіргі уақытта ҚМГ қызметкерлерін ынталандыру мынадай
құрамдас бөлшектерден тұрады:
- сыйақы (Compensation) – көрсетілген қызмет үшін жұмыс беруші
қызметкерге төлейтін ақшалай қаражат;
- жеңілдіктер (Benefits) – қызметкерге төленетін сыйақыны толықтыру
үшін жұмыс беруші пайдаланатын бағдарламалар;
- жұмыс тиімділігін бағалау жəне мойындау (Performance and recognition)
– тиімділікті бағалау келісімге келу жəне жекелеген қызметкерлердің,
командалардың жəне жалпы компанияның компанияны жетістікке жетелейтін
бизнес мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі іс-əрекеттерін кейіннен бағалауды
қамтиды;
- даму мен қызметте өсу мүмкіндіктері (Development and career opportunities)
– даму қызметкерлердің дағдылары мен құзыреттіліктерін кеңейту мен терең-
детуге бағытталған оқытуды қамтиды. Қызметте өсу мүмкіндіктері қызметкер-
лерге өз қызметін құруда мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетін жоспарлауды
білдіреді.
ҚМГ қызметкерлерін ынталандыру жүйесі Жалғыз акционер – «Самұрық-
Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» АҚ ұсынған саясат пен тəжірибеге сəйкес
құрылған.