Адам ресурстарын басқару
4
өзгерістерге сай дайындау керек. Үшіншіден, адам ресурстарын
басқаруға арналып қазақ тілінде жазылған оқу құралдары жоққа
тəн. Автор осы кемшіліктің орнын толтыру мақсатымен беріл-
ген оқу құралын ұсынып отыр.
Оқу құралында дамыған елдердің адам басқару саласындағы
озық тəжірибелері жинақталып, оларды отандық өндірістерде
қолдану мүмкіншіліктері қарастырылған, оны игеру ұйым
басшыларына қазіргі қатаң нарық жағдайында өз істерін тиімді
жүргізуге оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сонымен қатар отандық
тəжірибеде, ғылыми жəне оқу əдебиеттерінде жеткілікті баян-
далмаған. Германия кəсіпорындарында қолданылатын қызмет-
керлерді басқарудың нақты əдістері туралы қосымша материал
келтірілген.
Берілген оқу құралында қызметкерлер (персонал), кадрлар,
адам ресурстары бірімен-бірі ауысатын сөздер болып қолда-
нылған, себебі олардың айырмашылықтары арнайы зерттеу
мақсаты ретінде қарастырылмаған.
Оқу құралы экономикалық жоғары оқу орындары мен
факультеттерінің бакалаврлары, магистранттары мен оқытушы-
ларына арналған. Сонымен қатар адам ресурстарын ғылыми
басқару негізінде ұйымның тиімділігін арттыру мəселесімен
шұғылданып жүрген мамандарға пайдасын тигізеді.
Автор оқырмандардың айтатын сын пікірлеріне жəне
берілген кітаптың мазмұнын жақсарту бағытында жасалатын
ұсыныстары үшін алдын ала өз алғысын білдіреді.
С.К. Жұмамбаев
Достарыңызбен бөлісу: