Г ҚОСЫМША МАТЕРИАЛЫ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінен үзінділер
50-бап. Жұмыстан шеттету 1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, жұмыс
беруші тиісті уəкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде қызметкерді
жұмыстан шеттетуге міндетті.
2. Жұмыс беруші осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа:
1) жұмыста алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас)
жағдайында болған немесе жұмыс күні ішінде осындай масаңдық туғызатын
заттарды пайдаланған;
2) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау ережелері бойынша емтихан
тапсырмаған;
3) жұмыс беруші берген жеке жəне (немесе) ұжымдық қорғану құралдарын
пайдаланбаған;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес міндетті болып
табылатын болса, медициналық тексеруден не ауысым алдындағы медициналық
куəландырудан өтпеген;
5) егер оның іс-əрекеттері немесе əрекетсіздігі авариялық ахуал туғызуға,
еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерінің не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігінің
бұзылуына əкеп соғуы мүмкін болса, қызметкерді жұмыстан шеттетуге міндетті.