адам ресурстарын басқаруының маңызды
салаларында
шешімдерді
қабылдаудың
жалпы бағыты.
АРБ процедурасы (P/HRM procedure) əрекеттің ерекше бағыты, алгоритм. Қызмет-
керлерді басқару жұмысында белгілі əрекет-
терді қалай жүргізу керек екенін адамға
айтады.
Жағдай əдісі (case method) суреттелген шынайы жағдайды тыңдаушылар
талдау үшін пайдаланатын оқыту əдісі. Тың-
даушылар мен оқытушы жағдайды талқыла-
ған кезде тыңдаушылар мен оқытушы өзара
əрекеттесуі оқыту нəтижелігін күрт жоғары
көтереді.
Жартылай жалдау (part- time employment) аптасына адам 35 сағаттан аз (АҚШ үшін)
еңбектенетін жұмыс орны.