Ресурстарын


Біліктілігіне  қойылатын  талаптар



Pdf көрінісі
бет119/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   142
Байланысты:
Адам ресурстарын басқару

Біліктілігіне  қойылатын  талаптар.  Тиісті  мамандық  бойынша  жоғары 
білім  жəне HR cаласы  бойынша  қосымша  дайындық,  мамандық  бойынша 
жұмыс өтілі екі жылдан кем болмау керек. 
 
Жоба менеджері 
 
Лауазымдық  міндеттері.  Жобаны  басқару  жоспарын  жасауға  қатысады, 
жобалық  құжаттарды  қалыптастырады.  Жобаны  орындауға  жəне  оның  іске 
асырылу барысына мониторинг жүргізуге қатысады. Жоба командасын басқаруға 
қатысады. Жобаға қатысушылары мен жабдықтаушыларымен бірігіп техникалық 
тапсырыстарды  жəне  келісімдерді  жасайды.  Жобаның  сапасын,  тəуелдіктерін, 
құнын,  мерзімін,  мазмұнын,  коммуникациясын  басқаруға  қатысады.  Жобалық 
құжаттарға  сəйкес  жобаның  алға  жылжуына  қарай  есепті  қалыптастыруға 
қатысады. Жобаның коммуникацияларын қамтамасыз етеді. Жобаның бюджетіне 
сəйкес  қаржыны  қойылған  мақсат  бағытында  жұмсалуын  тексеруді 
ұйымдастырады. 
Мемлекеттік 
құрылымдармен, 
компаниялармен, 
басқа 
қызығушылық  танытқан  тараптармен  өзара  əрекеттерді  жүргізу.  Жобаның  іс 
жүзіне асыру кезеңдерінің нəтижелерін құжат арқылы көрсету. 
Білуге  тиіс:  Қызметін  реттейтін  Қазақстан  Республикасының  заңнамасы. 
Жобаны басқару құралдары мен əдістері. Келесі тəсілдерге ие болу керек: құнды, 
мерзімді, тəуекелдіктерді жəне ресурстарды бағалау; жоба құжаттарын құрастыру; 
келіссөздерді жүргізу жəне жабдықтаушылармен жұмыстар құрамы туралы келісу; 
жоба командасы құрамында жұмыс істеу; жобаны орындауды жəне мониторингін 
ұйымдастыру;  жобаның  іс  жүзіне  асыру  кезеңдері  бойынша  есеп  беруді 
қалыптастыру;  жоба  жоспарының  өзгеруіне  қарай  сауалдарды  қалыптастыру; 
жобаны басқаруда ақпараттық жүйелерді қолдану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет