Жұмыс спецификациясы (job specification) берілген жұмысты орындау үшін адамның
бойында қандай қасиеттер болу керек екенін
анықтау мақсатымен жұмысты талдау.
Жұмысты талдау (job analysis) мінез-құлқы жəне білім беру, тренинг пен осы
жұмысты табыспен орындауға қажет мүмкін-
діктерден тұратын терминдер арқылы жұмыс
үдерісін анықтау.
Құзырет
ұйым қызметінің стратегиялық нəтижелеріне
жетуге керек білім, еңбек тəсілдері не мінез-
құлықтары.
Құрылымды сұхбат (structured interview) алдын ала дайындалған сұрақтар үлгісімен
жүргізілетін сұхбат.
Қызметкерлердің жұмысын бағалау (performance appraisal) ұйымның стратегиясы жəне кадрлық саяса-
тымен тығыз байланыста атқарылатын адам
ресурстарын басқаруының бір бөлігі. Жұмысты
бағалау қызметкерлерді басқару жұмысының
негізін құрайды: қызметкерлерді іріктеу, оларды
оқытуға қажеттілікті анықтау, мансапты жос-
парлау.