Адам ресурстарын басқару
56
білдірген басшылар кіруі мүмкін. Ассоциацияның мүшелері
жарна төлеу арқылы оны материалдық жағынан қамтамасыз
етер еді. Осыған орай Британдық қызметкерлерді басқару
институтының тəжірибесін келтіруге болады. Жоғарыда айтыл-
ғандай, бұл институт кадр мамандары, АРБ бойынша кеңесші-
лер, менеджерлердің кəсіптік ассоциациясы болып келеді.
Институт 80 жылдан артық уақыт бойы қызмет етеді, 38 мыңнан
артық мамандардың басын қосады. Институт тəуелсіз коммер-
циялық ұйым болып саналады, ол үкіметпен тығыз байланыс
құрған. Баса айта кететін бір жағдай, ол кадрлық мамандарды
нақты бағытта даярлау жəне қайта даярлауды тиімді қоя білу.
Оларды қалай даярлау керек туралы əртүрлі пікір айтылуда [27],
бірақ оның көкейкесті мəселе екеніне ешкім күмəн келтірмейді.
Германияда да 1000-нан астам фирмалардың АРБ қызметі
мамандарының басын қосқан арнайы ассоциация бар. Қоғамның
бюджеті фирмалардың айналымына тəуелді мүшелік жарна
төлеуден қалыптасады. Қоғам аппаратында 30 адам, оның
ішінде 10 оқытушы жұмыс істейді. Қоғам қызметі келесі бағыт-
тарда дамуда:
- тəжірибемен алмасу;
- АРБ мəселелері бойынша ақпараттық банкін жүргізу;
- «Кадрларды басқару» журналын шығару жəне басқа
арнайы материалдарды жариялау. Қоғам мүшелері ақпараттық
жүйені пайдаланып өзекті АРБ мəселелерімен танысады, əр
фирмадағы тарифтер мен біліктілік функцияларды салыстыруға
мүмкіндік алады, АРБ функцияларының еңбексыйымдылығы,
жас мамандардың жалақысы туралы хабардар болып тұрады.
Қоғам жүйелі түрде көптеген еңбек жəне əлеуметтік мəселелері
бойынша семинар өткізеді, дəстүрлі сауалнамалар жүргізіп
тұрады, оның ішінде АРБ тиімділігіне ерекше көңіл бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: