13
Жаратушы әу бастан адамды нұрға, шаттыққа,
бақытқа, денсаулыққа, бейбітшілікке, тыныштыққа, үй-
лесімділікке, рухани байлыққа, мамыражайлыққа толы
тіршілік кешу үшін жер бетіне жіберген. Осыған қалай
жетуге болады?
Өз жан дүниеңдегі тепе-теңдікке, өзің өмір сүріп
жатқан әлемдегі барша нәсілдер, дін ағымдары ара-
сындағы өзара сүйіспеншілікке, махаббатқа, қайырым-
дылыққа, түсіністікке нақтылы ақиқатқа қалай жетуге
болады?
Ғарыштың даму сатысының заңдылығын жасаған
Жаратушының сатылы жолы қандай?
Бұл әлемнің заңдылығы Макрокосм: микрокосм –
пендеге қалай әсер етеді? (Макро – үлкен, микро – кіш-
кентай). Ғарыш алып дене, пенденің тәні соның кішкен-
тай көшірмесі. Екеуі өзара қалай байланысқан?
Ақиқатында рухани Ұстаз дегеніміз кім? Оларды
қазіргі кезде неше түрлі көне тылсым құбылыстарды ру-
хани білім ретінде насихаттап жүргендерден қалай айы-
руға болады?
Достарыңызбен бөлісу: