Жан мен тәннің көптігі
Адамзаттың барлық Ұлы ұстаздары Құдайдың бер-
ген көріпкелдік қасиеті арқылы адам, ғарыш жайлы жет-
кілікті ақиқат білім алып бір тұжырымға келген: жан –
шарт (принцип), адам құрылымының элементі. Атының
өзі айшықтап тұрғандай адам тәнін тірілтеді. Бірақ, пен-
де жер бетіне шыр етіп туғанда жан бірден лақ еткізіп
беріле салмайды, жан адам тәніне өмір бойы біртіндеп
есейген сайын рет-ретімен қонады.
Сондықтан, кейбір философтар мен дін ағымдары-
ның өкілдерінің адамда көптеген жан бар деген тұжы-
рымдарына таң қалушы болмаңыз:
Біріншісі, қалықтап жүретін «өсімдік жаны» – тәндегі
физиологиялық ағымдарды басқарады: ас қорту, тыныс
алу, қан айналу т.б...;
Екіншісі, жетілген түрі «жануарлар немесе жігер
38
ІІІ БӨЛІМ
жаны»;
Үшіншісі, «сезім құбылыстарының жаны»;
Төртіншісі, «зерде немесе әлдеқайда жетілген жан»;
Бесіншісі, «Құдай жаны, таза нұр». Бұл жан тек қана
өзінің жер бетіне қайта-қайта келуін толық аяқтаған
адамзаттың Ұлы ұстаздарына, пайғамбарларға, әулие-
лерге қонады;
Адамның тәні тамшы болып анасының жатырына
түскенде «өсімдік жаны», жеті жасқа жеткенде «жануар
жаны» немесе жігер жаны (воля) қонады. Жанның то-
лық қонуы есі кіріп немесе «зердесі» оянған шағында то-
лығымен аяқталады деп есептелінеді. Бұл жерде әңгіме
тек қана «жануар мен жігер жаны» ғана туралы болып
отыр. Себебі, бала жеті жасында өз бетінше толықтай
қимылдап, тынымсыз жүгіріп, іс-әрекеттер жасап тыным
таппай қозғалып өзін-өзі басқара алады.
Біртіндеп сезім құбылыстары белең ала бастағанда
жаңа кезең басталады: бұл «сезім құбылыстарының жа-
ны»-ның қона бастағанының белгісі. Адам он төрт жа-
сында жыныстық жетілгенде «сезім құбылыстарының
жаны» толық қонып болағанда пенде өзінің сезімдерін
тізгіндеп ұстауға үйренеді. Бірақта, осы кезеңде оның
ойлау жүйесі де дами бастайды да, жиырма бір жасқа
толғанда «зерде немесе жетілген жан» тұрақтанады. Бұл
дегеніңіз адам жиырма бір жасында автоматты түрде
дана, кемеңгер, салиқалы болып кетті деген түсінік емес:
жоқ, осы кезеңде пенде баласы ойланбаған қылықтар
жасауы мүмкін! Тәп осы кезеңнен бастап адам өзінің
39
ақыл-ойын, ойлау жүйесін қалыпқа келтіре бастайды.
Енді «Құдай жаны, таза нұр»-ға келетін болсақ оның
қонуы адамның таңдап алған өзінің өмір сүру салтына
және осы жанды қондырсам деген қалауына байланы-
сты. Рухани жол дегеніміз осы жол. Рухани ілімді адам
ыждағаттылықпен ұзақ жылдар бойы оқып үйренгеде
«Құдай жаны, таза нұр»-ды өзіне қондыру үшін шақыра-
ды, тартады. Рухани адам дегеніміз – «Құдай жаны, таза
нұрды» өзіне тарту үшін, өзін-өзі түбегейлі толықтай
өзгерте білген пенде: оның барлық болмысы өзара үй-
лесімді болып, ғарышпен, тылсым дүниемен тілдесіп,
оны түсініп, басқа жандарды имандылық арқылы Құдай
жолына жетелейтін, Оның сүйікті құлы бола білген адам.
Яғни – Рухани ұстаз дегеніміз осы адам!
Ақиқатында, бұл жол жер бетіне көптеген рет қайта-
ланып келген, әр келген сайын бар өмірін «Құдай жаны,
таза нұр»-ды өзіне тарта білуге бағыштаған, жүрегі кір-
шіксіз таза, имандылығы аса жоғары, Құдайдың ерекше
сүйген таңдаулы құлдарына ғана мүмкін. Олар ұзақ жыл-
дар бойы ойларын, ниеттерін Құдай жолына шоғырлан-
дырып, ұю (медитация) арқылы жүректерін тазалап, Жа-
ратушыға жалбарынып намаз оқып, заттық – материалық
әлемнің қызықтарынан бас тартып Құдайлық «Менін»
яғни «Құдай жаны, таза нұр»-ды өзіне тарту, қондыру
үшін дайындалған адам. Осы деңгейге жеткенде оған
Алланың нұры жауады.
40
ІІІ БӨЛІМ
Достарыңызбен бөлісу: |