15
бағын береді. Осы біртіндеп алған сабақтар сенің ішкі,
сыртқы күшіңді толықтырады. Бұларсыз отырған жерің-
де омалып отыра беруші ең. Өміріңде не өзгеріс болды,
ойлан?! Пенделердің басым бөлігі өзінің тағдыр талқы-
сынан баға жетпес сабақ алады.
Егер өзің күткен нәтижеге жетпесең, өкінесің, бар-
мағыңды шайнайсың. Есіңде болсын! Табиғаттың заң-
дылығы әрдайым сондай жағдай жасайды. Бір есік жа-
былғанда, екінші есік ашылады.
Осы шартты күнделікті тіршілігіңе қолданып,
ақылыңды тізгіндеп ұстасаң, әрбір оқиғаны жақсы жаққа
өзгертіп, мазасыздықтан біржола құтыласың.
«Өліп» қалған өткен өміріңнің құлы болудан азат бо-
ласың. Өз болашағыңның құрылысшысы өзің боласың!
Бүгіннен бастап, өткен өміріңді ұмыт. Болашақта кім бо-
латыныңды арманда. Тек жақсылықты күт!
Өз мақсатыңды армандау арқылы қу. «Ақыл – кермет
құл. Ал егер сені сана емес, ақыл басқарса, оңбаған қо-
жайын». Ал енді сана мен ақылдың ара жігін ажыратып
алайық. Ақыл тек қана қауіпті көрсетеді. Сана сенің жа-
ның. Сондықтан да адам жүрегін тыңдап үйренуі керек.
«Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме».
Абай
Егер теріс-қағыс ойлай бастасаң, онда сен жақсы ой-
лауға бейімделмегенсің. Жаттықпағансың. Егер ақылға
17
олардың еш нәрсемен шаруасы жоқ. Ал ерте тұратындар-
дың ішкі жан-дүниесінің алауын жағатын белгілі мақсаты
бар. Олар осы сәтпен өмір сүреді және қуатын бет алды
рәсуә қылмайды. Біздің көпшілігіміз қажеті жоқ нәрсе-
лерге мазасызданамыз. Мазасыздық өмір күшімізді, қуа-
тымызды сорып алады. Адамдардың шырғалаңдары ке-
рексіз нәрселерді көп ойлай беретіндіктен. Олардың миы
еш уақытта демалмайды. Миы мылжыңға толы. Осының
салдарынан жынданып кетуі де мүмкін.
Барлық дана ғұламалар күндіз оңаша отырып, қайда
барғанын, қайда баратынын ақылға салып, сараптап оты-
рған. Ең бастысы ертеңгі күнді бүгінгіден қалай жақсы
өткізсем деген ой. Күнделікті біртіндеп, әр күнін жақсар-
ту жақсы нәтижелерге жетелейді. Осыған сәйкес жағым-
ды өзгерістер болады. Күндіз 10 минут сараптаудың өзі
– өміріңнің сапасын арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: