1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе


  Қазақстанның  Ислам  Конференциясы  Ұйымына  (ИКҰ)  төрағалық



Pdf көрінісі
бет62/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68
Байланысты:
Тарих лекциялар

5.  Қазақстанның  Ислам  Конференциясы  Ұйымына  (ИКҰ)  төрағалық 
етуі.  


1995  жылдың  12  желтоқсанында  Қазақстан  Ислам  конференциясы 
Ұйымы ның (ИКҰ) тең құқылы мүшесі атанды. Қазақстанның ИКҰ жұмысы-
на  атсалысуы  мен  еліміздің  мұсылман  әлеміндегі  жағымды  бейнесі  ислам 
елдерімен  қарым-қатынасымызды  одан  әрі  дамытуымыздың  алғышарты 
болды.  
1997  жылдың  желтоқсанында  Тегеранда  өткен  ИКҰ  Сегізінші 
саммитінен  бастап,  бұл  ұйымның  бірде-бір  маңызды  іс-шарасы  Қазақстан 
делегациясының  қатысуынсыз  өткен  жоқ.  Сонымен  бір  мезгілде  ИКҰ-ға 
мүше  елдер-мен  сауда-экономикалық  және  инвестициялық  байланыстар  да 
нығая түсті. 
Зайырлы мемлекет ретінде Қазақстан бүгін ислам өркениетінің ажырамас 
бөлігі  болып  табылады.  Халқының  саны  жағынан  Қазақстан  мұсылман 
әлемінде  23-ші  орынды  иемденсе,  жер  көлемі  жағынан  олардың  арасында 
бірінші  орында.  Сонымен  қатар  еліміз  тарихының  мұсылман  әлемімен 
ғасырлар  бойы  сабақтас  және  халқымыздың  рухани  мәдениетінің  ислам 
өркениетімен ежелден тамырлас екені даусыз.  
2008 жылы қатысушыларының саны жағынан Біріккен Ұлттар Ұйымынан 
кейінгі екінші орындағы (57 ел)  Ислам конференциясы ұйымы  халықаралық 
құрылымы  2011  жылы  ИКҰ-ға  Қазақстанның  төрағалық  жасайтыны  туралы 
шешім  шығарды.  Қазақстанның  Ислам  конференциясы  ұйымына  төрағалық 
етуі  –  2010  жылғы  біздің  еліміздің  Еуропадағы  қауіпсіздік  пен 
ынтымақтастық  ұйымына  төрағалық  етуі  жемісті  аяқталғаннан  кейін 
жалғасты.  Мұндай  халықаралық-саяси  жалғастылық  Қазақстанның  Еуропа 
елдерімен  және  мұсылман  елдерімен  өзара  белсенді  қарым-қатынас 
орнатқандығын,  Қазақ  елінің  жаһандық  миссиясының  бірегейлігін,  Ислам 
әлемі  мен  Батыстың  арасындағы  түсіністікке  ықпал  жасауға  ұмтылысын 
айғақтап  тұрғаны  даусыз.  2011  жылы  осы  беделді  ұйымға  басшылықтың 
Қазақстанға өтуінің жер жүзіндегі мұсылман қауымдастығы тарапынан біздің 
елге деген үлкен сенімі мен қолдауы деп қабылдаған жөн.  
2011  жылы  28–30  маусымда  Астанада  Ислам  конференциясы  ұйымы 
Сыртқы  істер  министрлер  кеңесінің  38-сессиясы  болып  өтті  және  бұл  Қа-
зақстанның  төрағалық  жасауына  алғышарт  жасады.  Тарихи  оқиға  ретінде 
жарты  ғасыр  бойы  жұртшылықтың  құлағы  үйренген  Ислам  конференциясы 
ұйымының  атауы  өзгеруін  айтуға  болады.  Мүше-мемлекеттер  «ынты-
мақтастық»  ұғымы  ұйымның  алдағы  уақыттағы  атқаратын  жұмыстарымен 
көбірек  сәйкесетіндігі  туралы  Қазақстанның  пікіріне  құлақ  асты.Осылайша, 
Астанада  Ислам  әлемінің  басты  құрылымы  өзінің  қазіргі  –  Ислам 
ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) атауын иеленді. Бұл атау – оның анағұрлым 
топтасқан  және  тиімді  халықаралық  бірлестік  екендігін  білдіретін  болады. 
Алғаш  рет  ИЫҰ-ның  Орталық  Азиямен  ынтымақтастық  іс-қимыл  жоспары 
қабылданды.  
Ислам  ынтымақтастығы  ұйымына  Қазақстанның  төрағалық  етуі  ислам 
әлеміндегі  көптеген  елдердің  арасындағы  драмалық  шиеленістер  уақытына 
тұспа-тұс  келді.  Осындай  жағдайда  қазақстандық  дипломатия  Ислам 
бірлестігі  қоғамдастығы  үшін  өз  бағдарламасын  ұсынды,  ол  ХХІ  ғасырдағы 


Ислам әлемі дамуының негізін реформалау мен жаңғыртуға шақырған ИЫҰ-
ның  Астана  декларациясының  негізіне  алынды.  Ислам  ынтымақтастығы 
ұйымы үшін Сириядағы азаматтық соғыстың өршуі және осыған байланысты 
көзқарастар  қайшылығының  үдеуі  –  үлкен  сын-қатер  болды.  Қазақстан 
осындай сын сағатта парасаттылық көрсетті және күрделі геосаяси жағдайда 
өзін объективті медиатор ретіндетанытты.  
Қазақстанның  қағидатты  ұстанымы,  Сириядағы  жағдайды  талқылаған 
кездегі  салиқалы,  ұстамды  көзқарасы  Ислам  ынтымақтастығы  ұйымының 
іштей  екіге  бөлінуіне  жол  берген  жоқ.  Сонымен  қатар  Қазақстанның 
төрағалығы Сомалидегі гуманитарлық дағдарыстан шығу үшін 500 миллион 
долларды жинастыруға мүмкіндік берді. 
Қазақстанның  төрағалығы  алғашқы  белгіленген  мерзімінен  жарты  жыл-
дан  артық  уақытқа  созылды  және  2012  жылы  қараша  айында  Джибути 
қаласында  өткен  Ислам  ынтымақтастығы  ұйымы  Сыртқы  істер  министрлігі 
кеңесінің  39-сессиясында  аяқталды.  Осы  кездесуде  ИЫҰ  азық-түлік 
қауіпсіздігі  бойынша  штаб-пәтерін  Астана  қаласында  құру  туралы  біздің 
ұсынысымыз  қолдау  тапты,  сондай-ақ  Ислам  ынтымақтастығы  ұйымының 
Еуроодақпен,  Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық  ұйымымен, 
Азиядағы  өзара  іс-қимыл  және  сенім  шаралары  кеңесімен,  Әлемдік  және 
дәстүрлі  діндер  съезімен  ынтымақтастықты  тереңдету  қадамдары  да  қол-
дауға ие болды.  
Қазақстанның 2011–2012 жылдары ИЫҰ-ға төрағалығы – ұйым тарихын-
дағы  жаһандық  өркениетті  және  дінаралық  диалогта  Қазақстан  рөлінің 
маңыздылығын танытқан кезең.  
Елбасы  Н.Назарбаев  2016  жылы  сәуір  айында  Ыстамбұлда  Ислам 
ынтымақтастығы  ұйымының  13-ші  саммитіне  қатысты.  Саммитте 
қабылданған  «ИЫҰ-2025»  стратегиялық  бағдарламасына  Қазақстанның 
Жаһандық лаңкестікке қарсы коалиция құру жөніндегі ұсынысы енгізілді. 
Бүгінгі  таңда  Қазақстан  тек  Азия  мемлекеттерінің  ғана  емес,  сонымен 
қатар  ТМД,  сол  сияқты  күллі  мұсылман  елдерінің  арасынан  ЕҚЫҰ-на 
төрағалығына  тағайындалған  бірінші  мемлекет.  Ал  бұл  шешімді  алдымен 
мұсылман  мемлекеттері  мақтаныш  сезіммен  қабылдады.  Себебі  ЕҚЫҰ  мен 
ИКҰ  мүдделері  бір  арнаға  тоғысып  жатыр.  Екі  ұйымның  да  көздегені  – 
әлемдегі 
қауіпсіздік 
пен 
халықтар 
арасындағы 
ынтымақтастық, 
экономикалық-экологиялық  қатерлерді  тізгіндеу  болып  табылады.  Сонымен 
қатар адам құқығын сақтау болып табылады. Ең басты мәселе Қазақстанның 
төрағалығы дау-жанжалдардың алдын алу және болжам жасау механизмдерін 
нығайту бағытында қызмет ету болды. 
Осы  орайда  Елбасының  2011  жылы  Ресейдің  «Известия»  газетінде 
жарияланған мақалаласында айтқандай: Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығынан 
алған  тәжірибесінің  еліміздің  ИКҰ  немесе  Шанхай  ынтымақтастығы 
ұйымына  немесе  ЕурАзЭҚ,  ТҮРКСОЙ-ға  төрағалық  еткен  кезде  үлкен 
пайдаға асатынына сенуге болады.  
Қазақстан  мен  Ислам  елдерінің  тығыз  байланыста  болуы  тек  қана 
ұтыстар  беретіні  анық.  Яғни,  біз  саяси,  экономикалық  және  гуманитарлық 


дамытуға  ұмтыламыз.  Сауда,  технология,  энергетика,  көлік  торабы  сияқты 
мәселелер де ислам елдерін қызықтыруда.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет