Шеңберді тең бес бөлікке бөлу. Шеңберді тең бес бөлікке
бөлу үшін, радиусі R болатын шеңбер сызып аламыз (2.2-сурет).
Осы шеңбердің ось сызықтары қиып өткен А, В, С, D нүктелерін
белгілеп, В нүктесінен радиусі R болатын доға жүргіземіз. Бұл
доға шеңберді K және L нүктелерінде қиып өтеді. Табылған K
және L нүктелерін өзара түзу сызықпен қоссақ, бұл түзу
шеңбердің ОВ осін М нүктесінде қиып өтеді. Осы нүктені келесі
доғаның ортасы етіп алып, С нүктесінен радиусі R1 болатын доға
жүргіземіз. Бұл доға шеңбердің OD осін N нүктесінде қиып өтеді.
Енді ортасы С нүктесі болатын N нүктесінен өтетін радиусі R2
болатын доғаны сызамыз. Радиусі R2 болатын доға шеңберді S
нүктесінде қиып өтеді. Енді осы шеңбердің S нүктесінен радиусі
R2 болатын доға жүргізсек, шеңберді F, E және T нүктелерінде
қиып өтеді. Егер осы табылған нүктелерді өзара қоссақ, онда біз
теңбүйірлі бесбұрыш саламыз.
2.2 сурет.
Шеңберді тең бес бөлікке бөлу
Достарыңызбен бөлісу: |