3. ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ БАҒАСЫНА КӨҢІЛІҢІЗ ТОЛА МА?
177
VIII
БӨ
ЛІМ
10. Топта жүргізілген сауалнама нәтижесін диаграммаға түсіріп,
талқылаңыздар.
4. ҚОЛДАН САТЫЛАТЫН АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІН (СҮТ, ҚАЙМАҚ Т.Б.) АЛАСЫЗ БА?
5. СІЗДІҢШЕ, ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҚҰРАМЫ ҚАНДАЙ ?
6. ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕР ШЕТЕЛДЕ ҮЛКЕН СҰРАНЫСҚА
ИЕ МЕ ?
ИӘ, АЛАМЫН
ЖОҚ, ТЕК ҚАНА ДҮКЕНДЕРДЕН АЛАМЫН
КҮМӘНДАНСАМ АЛМАЙМЫН,
КӨҢІЛІМНЕН ШЫҚСА САТЫП АЛАМЫН
ТАБИҒИ, ҚОСПАСЫЗ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨНІМ
ЖАСАНДЫ, ТҮРЛІ ҚОСПАЛАРДАН ТҰРАДЫ
ЖАРТЫЛАЙ ТАБИҒИ, ЖАРТЫЛАЙ
ЖАСАНДЫ ҚОСПА ЗАТТАРДАН ТҰРАДЫ
ИӘ, ҮЛКЕН СҰРАНЫСҚА ИЕ
СҰРАНЫС ЖОҚ
КҮМӘНДАНАМЫН
ЖАУАП БЕРУГЕ ҚИНАЛАМЫН
178
VIII
БӨ
ЛІМ
ОҚЫЛЫМ
1. Мәтінді оқыңыз.
Жаһандық мәселе – азық-түлік қауіпсіздігі
Соңғы деректерге қарағанда, жаһанда тұрғындар
саны жыл сайын 80 миллионға ұлғайып отырады екен.
Осы орайда, бүгінде жер шарында 7,5 млрд-қа жуық
адам бар екенін ескерсек, 2050 жылы бүкіл әлемдегі
тұрғындар саны 10 млрд-тан асып кетуі мүмкін. Бұл өз
кезегінде дүниежүзінде азық-түлікке деген сұраныстың
арта түсетінін білдіреді. Ал, өкінішке қарай, адамзат
баласының көбеюімен салыстырғанда, азық-түлік
өндіру көрсеткіші екі есеге төмен көрінеді. ЮНЕСКО
тарапы 2020 жылға қарай тамақ өнімдеріне деген
сұраныс 85 пайызға өседі деп болжауда.
Бүгінде азық-түлік тапшылығы әлем бойынша
басты сын-қатерлердің алғашқы үштігі қатарына
енгізіліп отыр. Өйткені қазіргі кезде миллиондаған
адамның
аштыққа
ұшырап,
миллиардқа
таяу
жан
ас-судың
үнемі
жетіспеушілігінен
зардап шегіп отырғаны аталған саладағы түйткілдердің аса күрделі екенін көрсетеді.
Осы жағдаяттар астық дақылдарын экспорттаушы, экологиялық таза тағам
өнімдерін өндіре алатын, ауылшаруашылығы өнеркәсібінің мүмкіндігі мол Қазақстанды
алаңдатпай қоймайды. Сондықтан Үкімет «Агробизнес-2020» бағдарламасын әзірледі.
Бағдарлама бойынша АӨК субъектiлерiн субсидиялау есебiнен 2020 жылға қарай
ауылшаруашылығын мемлекеттiк қолдау көлемiн 4,5 есе арттыру мақсаты көзделіп отыр.
Ауылшаруашылығы бағытына инвестиция тартуға да маңыз берілуде. Бұл салаға инвестицияны
молынан тарту Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырады.
Канадада халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін «азық-түлік банктері» жүйесі қызмет
көрсетеді. Бұл жүйе бойынша жергілікті 450 азық-түлік банкі жұмыс істеуде. Осы жүйенің
арқасында 900 мыңға жуық канадалық тағам өнімдерін алады.
АҚШ-та күнкөрісі төмен халықтың азық-түлікке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін
оңтайлы тәжірибелер қолданылуда. Бұл елде отбасының кірісі кедейшіліктің деңгейінен
130 пайыз төмен болса, отбасы мүшелері арнайы электронды карталар арқылы жүзеге
асырылатын, азықты жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік беретін «СНАП» деген бағдарламаға
қатыса алады. Бұл бағдарлама АҚШ халқының 45 миллионға жуығын қамтитын көрінеді.
Еуропалық одақ елдеріне келер болсақ, мұнда тағам өнімдерінің қауіпсіздігі стандарттарының
талаптарын сақтау жоғары деңгейде жолға қойылған. Қазіргі таңда Еуропалық одақ елдері
азық-түліктің мол қорына ие.
Бүгінде 30 мемлекет азық-түлік зәрулігін қатты сезінуде. Жаһан бойынша созылмалы аштық
дертіне ұшырап отырғандардың саны 1 млн адамға жуық. Осындай жағдаяттар әлемдегі
саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайдың ауырлап кетуіне апарады.
Азық-түлік тапшылығының белең алуына негізгі себепті халық санының өсе түсуімен
ғана байланыстыра қарастыру біржақты көзқарас болады. Сондықтан ауылшаруашылығы
бағытында мүмкіндіктері мол көптеген елдердің саланы дұрыс игере алмауы, аграрлық
секторды озық технологиямен жабдықтауда кенжелеп келе жатқаны азық-түлік
тапшылығының туындауына әсерін тигізіп отырғаны қаперде болғаны жөн.
(«Егемен Қазақстан» газеті)
179
Достарыңызбен бөлісу: |