318
Үшіншіден, мәдениетімізді әлем елдеріне таныту үшін
ақпараттық қоғамның сұраныстарына сай цифрландыруымыз
керек. Мультимедиалық смарт технологияларды кеңінен қолдану
арқылы мәдениетімізді насихаттауымыз керек. Себебі қазіргі
қоғамда адам дыбыстық, бейнелі, суретті, анимациялық ақпаратты
жылдам және тез қабылдайды.
Осындай нақты жоспар мен тынымсыз еңбектің арқасында
мыңжылдықтар қатпарында жатқан тарихымыз бен мәдениетімізді
жаһан танитын болады. Мәдениетімізді тану арқылы мынау
жаһандану заманында қазақ деген халық барын біліп, мойындайтын
болады.
Сондықтан бұл жобаны іске асыруға тек мемлекет басында
отырған билік өкілдері ғана емес қоғамның әрбір азаматы қатысуы
керек. Әркім өз жеке бас мәдениетін көтеру арқылы тәуелсіз еліміздің
төл мәдениетін қалыптастыратынын жақсы сезінуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: