Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск


Тыңдаңыз. Сұраққа жауап беріңіз



Pdf көрінісі
бет325/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   341
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық С1

11. Тыңдаңыз. Сұраққа жауап беріңіз.         
№11
Қазақстан мемлекеттік әлеуметтік саясатта көш бастады
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
«Президенттің  бес  әлеуметтік  бастамасы»  атты  халыққа  үндеуі 
мемлекеттік  әлеуметтік  жоба  ретінде  аса  зор  маңызға  ие. 
Президенттің бес әлеуметтік бастамасы:
Бірінші  бастама:  Әрбір  отбасына  баспана  алудың  жаңа 
мүмкіндіктерін беру және тұрғын-үй ипотекасының қалың көпшілікке 
қолжетімділігін арттыру керек. Бұл – айрықша әлеуметтік маңызы 
бар  мәселе.  Жұмыс  істейтін  әрбір  адам  несиеге  пәтер  сатып  алып, 
оны отбасылық бюджетінің мүмкіндіктері аясында төлей алатындай 
болуы үшін арзан ресурстар ұсынатын тетіктер қажет. Сондықтан, 
«7-20-25» бағдарламасы ұсынылады.
Екінші бастама: Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын 
көбейту  үшін  олардың  салық  жүктемесін  азайту.  Салыстырмалы 
түрде  жалақысы  төмен  қазақстандықтарды  қолдау  үшін  2019 
жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге 
азайтып, 1 процент қана салық салу ұсынылады.
Үшінші  бастама:  Жоғары  білім  алудың  қолжетімділігі  мен 
сапасын  арттырып,  студент  жастардың  жатақханадағы  жағдайын 
жақсарту. Бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа 
экономикада  зор  сұранысқа  ие  болатын  сан  мың  жаңа  маманды 
даярлауға мүмкіндік береді.


319
Төртінші  бастама:  Шағын  несие  беруді  көбейту.  Бастама   
мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік беретіндігімен маңызды. 
Бұл,  әсіресе,  ауыл-аймақтар  үшін,  ауылдағы  кәсіпкерлікті  дамыту 
үшін айрықша маңызға ие.
Бесінші  бастама:  Елді  газбен  қамтамасыз  етуді  жалғастыру. 
Елімізде газ өндіру тәуелсіздік кезеңінде жылына 8-ден 52 миллиард 
текшеметрге  дейін  артты,  әрі  қарай  да  өсе  түседі.  Қазір  еліміздегі 
тұрғындардың  50  процентке  жуығы  газбен  қамтамасыз  етілген.   
9  облысқа  газ  тартылған.  Дегенмен,  орталық  және  солтүстік 
өңірлер  әлі  газсыз  отыр.  Оған  тиісінше  қаражат  тарту,  соның   
ішінде халықаралық қаржы институттарынан да қажет болады.
(http://www.akorda.kz/)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет