321
Елімізде онлайн-несие берумен айналысатын 15 фирма
заңды түрде тіркеліпті. Жұмысы да қызып тұрған көрінеді. Қаржы
ұйымдары қарыз берер кезде клиент туралы мағлұматты заңсыз
жинайды. Негізінде несие рәсімдеу үшін ақшаға мұқтаж кісінің
жазбаша рұқсаты болуға тиіс. Бірақ онлайн ұйым бұл талапты
сақтамайды. Сондықтан мамандар халыққа интернет арқылы ақша
аларда аса сақ болуға кеңес береді.
Ұлттық банк бұдан былай қолы қысқа, қалтасы жұқа талай
жанды қанап келген қаржы ұйымдарына тосқауыл қоймақшы.
Бұдан былай мұндай компаниялар жылдық үстемені 100 пайыздан
асырмауға тиіс. Сондай-ақ несие тек теңгемен беріледі. Егер
шағын фирма жаңа заңда жазылған осы талапты бұзса, клиентке
берген қарызы қайтарылмай, келісімшарттың күші жойылады.
Ұлттық банк тіпті онлайн фирмаларды сотқа сүйреуге дайын.
Мұндағы мақсат – интернет арқылы несие беретін ұйымдарды
жабу емес, азаматтарды өмір бойы қарыз төлеуден құтқару.
Мәжіліс мақұлдаған «Валюталық реттеу және валюталық
бақылау туралы» заң аузы күйген адамдарды қорғайды деген
үміт бар.
(http://jasqazaq.kz)
Достарыңызбен бөлісу: