Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск


Мәтінді тыңдап, сәйкестендіріңіз



Pdf көрінісі
бет321/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   341
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық С1

7. Мәтінді тыңдап, сәйкестендіріңіз.   
№7
Қазақстан – әлем мойындаған мемлекет
Қазақстан  –  дүниежүзінде  жер  көлемі  бойынша  тоғызыншы 
орын  алатын,  140  этнос  пен  17  конфессия  өкілдеріне  туған  өлке 
болып есептелетін мемлекет. Қазақстан – Семей ядролық полигонын 
жауып, атом қаруынан бірінші болып бас тартқан мемлекет. Әлемге 
алманы  сыйлаған  ел.  Уран  мен  астықтан  бірінші  орында  тұрған 
Қазақстан.
Тәуелсіздік  алғалы  бері  мемлекетіміз  адам  танымастай 
өзгерді.  Орталық  Азиядағы  көшбасшы  ел  ретінде  танылды.   
Посткеңестік  мемлекеттер  арасында  да  алдыңғы  қатардан  көрініп 
келеді.  Ұзақмерзімді  стратегиялық  бағдарламаның  арқасында   
бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің санатына кірді. 
Елдік пен бірлікті бас бағыт еткен мемлекетіміз туралы әлемдік 
деңгейдегі саясаткерлер де өз пікірлерін білдірді. Бұл  елімізді әлем 
жұртшылығы таниды, мойындайды деген сөз. 
Мәселен,  Испанияның  бұрынғы  Премьер-министрі  Х.Л.  Сапатеро 
еліміздің экономикалық әлеуеті жөнінен Орта лық Азиядағы аймақтық 
көшбасшы  мемлекет  деп  атаса,  Франция ның  бұрынғы  президенті 
Жак  Ширак:  «Егемендікке  қол  жеткізгеннен  бастап,  Қазақстанның 
даму жолында көптеген  кедергілер тұрды.  Бірақ мемлекет, Үкімет ол 
кедергілерге  төтеп  бере  алды.  Бүгінде  Қазақстанның  дүниеге  берері 
де, алары да мол. Бейбіт саясат ұстанған Қазақстан көптеген ғаламдық 
шиеленіскен мәселелердің шешімін табуда үлкен рөл атқаруда», – деп 
пікір білдірген.
Шынында,  қандай  қиындық  кездессе  де,  басымыздан  қандай 
қиын-қыстау күндер өтсе де, еліміз мойымады. Қайта керісінше, сол 
кездескен  қиындықтың  барлығын  жеңе  білді.  Бұл  жолда  130-дан 
астам ұлт пен ұлыстан тұратын бүкіл Қазақстан халқының бірлігін 
басты назарда ұстаған Елбасының орасан зор еңбегі бар. 
Елбасы жөнінде Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі 
Маргарет Тетчер: «Қазір әлемде 5-6 ірі саясаткер бар. Олардың ішінде 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та бар. Мен оған сенемін және барлық 
атқарып жатқан әрекеттерін қолдаймын», – деген болатын.


316
(Ә. Батырбеков)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет