IV
БӨ
ЛІМ
2. Қыстырма құрылымдарды пайдаланып, «Мерейлі отбасы» тақырыбында
шағын эссе жазыңыз.
Қыстырма құрылымдар: бақытымызға қарай, біздің бағымызға, өкінішке қарай, обалы не
керек, бір ғажабы,әрине, шынында, шынын айту керек, рас, сөз жоқ, сірә, мүмкін, кім біледі,
қысқасы, демек, дегенмен, айтпақшы, қорыта келгенде, сіздіңше, біздіңше, (біреудің) сөзіне
/ пікіріне қарағанда т.б.
ГРАММАТИКА
Ережемен танысыңыз.
Қыстырма сөйлемдер
280
- бет
1. Қыстырма сөйлемде берілген ойларды сөйлеушінің қатынасымен
сәйкестендіріңіз.
А
Кісінің көңіл күйі, сезімі.
Ә
Айтылған ойға сену, жорамалдау.
Б
Ойдың айтылу амалы, тәсілі.
В
Айтылған ойлардың өзара қатынасы.
Г
Айтылған ойға басқаның не айтушының пікірі тұрғысынан қарау.
1.
Сөйтіп, біз зайырлылық ұғымын дұрыс түсіндіруіміз керек.
2.
Қорыта келгенде, біздің мақсатымыз – мемлекетіміздің зайырлы қағидаттары
негізінде діни сананы қалыптастыру.
3.
Әрине, зайырлы деген атеистік дегенді білдірмейді.
4.
Біздің бағымызға, зайырлы мемлекет – біздің тарихи таңдауымыз.
5.
Не дегенмен, экстремизм мемлекетке қауіп төндіреді.
6.
Қысқасы, зайырлы дегеніміз – озық, толерантты, ашық қоғам.
7.
Біздіңше, мемлекетіміздің зайырлы келбеті – қоғам дамуының кепілі және
бірлік пен тұрақтылықтың негізі.
8.
Бақытымызға қарай, Конституциямыз әрбір адамның діни сенім бостандығы-
на кепілдік береді.
9.
Елбасының сөзіне қарағанда, біз дәстүрлі діндерге қолдау көрсетіп, кез келген
экстремизм түрін үзілді-кесілді мойындамаймыз.
10. Шынында, жер бетіндегі 75 мемлекетте дін республиканың ресми бөлігі болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |