(1997), Р. И. Лалаева «2001), Л. В. Венедиктова (2001), т.б. жазбаша сөйлеу
352
әріптерді алмастырады. Бұл жағдайда алдымен дыбыстарды ажыратуын
дамыту қажет. Бұл жұмыс бағыты дисграфияның барлық түрінде
қолданылады. Екіншеден, жұмыс барысында сақталған анализаторға сүйену
қажет. Мысалы, бала С-Ш дыбыстарын ажырата алмайды, өйткені есту
анализаторының функциясы жеткілікті дамымаған, онда алдымен баланың
көңілін артикуляциялық аппараттың қалпына, қимылына аудару керек. Яғни,
мұнда көру, қимыл, сезім анализаторын жұмысқа қосу тиімді.
Дисграфияның әр түріне қатысты түзету әдістемелеріне кеңінен
тоқталайық.
Аграмматикалық дисграфияны түзету.
Р. И. Лалаева аграмматикалық дисграфияға мынандай сипаттама береді:
«Аграмматикалық дисграфия сөйлеу тілінің грамматикалық жағының
(морфологиялық, синтаксистік) жетілмеуі... Жазуда сөйлем деңгейіндегі
аграмматизмдер сөздің морфологиялық құрылымының бұзылуымен, жалғау,
жұрнақтарды алмастырумен, септік жалғауды дұрыс қолданбауымен,
күрделі сөйлемдерді құрастырудағы қиыншылықтарымен, сөйлемдегі сөз
кезектілігін сақтамау, таспап кетуімен сипатталады».
Түзету жұмысының негізгі міндеттері:
- заттың атауын, іс-әрекетін, сипатын білдіретін сөздерді мағынасымен
сәйкестендіруін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру;
- сөздің морфологиялық құрамы туралы түсінігін қалыптастыру, дамыту,
жетілдіру;
- сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру, дамыту, жетілдіру.
Аграмматикалық дисграфияны түзету логопедиялық жұмысының
мазмұны:
- балалардың сөз қорындағы сөздердің мағынасын анықтау және әр түрлі
сөз таптарын жаңа сөздермен, сөзжасам дағдыларын менгерту арқылы
сөз қорын молайту. Түбірлес сөздерді біртіндеп менгерту;
- сөз тіркестерін, сөйлем арасындағы байланысты, әр түрлі синтаксистік
құрылымдардың модельдерін менгеру арқылы сөйлеу тілінің
грамматикалық жағын анықтау, дамыту және жетілдіру;
- байланыстырп сөйлеу тілін мына бағыттарда дамыту:
әңгіменің кезектілігін анықтау;
әңгіме құрастыруға қажет сөздік материалды іріктеу;
үлгі бойынша сөйлем құрастыру, қайта құрастыру дағдысын жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: