I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет186/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   256
Байланысты:
Logopedia

Оптикалық  дисграфияны түзету. 

Оптикалық  дисграфияны түзету жұмысының негізгі міндеттеріне: 

-  көріп қабылдауын, талдау, жинақтауын дамыту; 

-  жазуда шатастыратын әріптерді ажырату жатады.  



Логопедиялық түзету жұмысының негізгі мазмұны: 

-  түр, түс, көлем туралы түсініктерін анықтау; 

-  өз денесін, қоршаған ортаны бағдарлау; 

-  әріптерді құрастыру, қайта құрастыру; 

-  әріптерді табу, бөліп айту. 

   Логопедиялық түзету жұмысының негізгі бағыттары: 



 

353 


-  көріп қабылдауын және тануын (гносисын) дамыту; 

-  көріп есте сақтауын анықтау және кеңейту; 

-  кеңістік түсінігін, қабылдауын дамыту; 

-  көріп талдау, жинақтауын дамыту; 

-  шатастыратын дыбыс және әріппен жұмыс. 

Ажырату жұмысы келесі кезектілікпен жүргізіледі: 

-  жеке әріптерді ажырату; 

-  шатастыратын әріптерді буында ажырату; 

-  шатастыратын әріптерді сөзде ажырату; 

-  шатастыратын әріптерді сөйлемде ажырату; 

-  шатастыратын әріптерді мәтінде  ажырату. 

      Жоғарыда  аталған  жұмыс  бағыттары  негізінде  перспективті  жоспар 

құрастырылады. 



   Оптикалық    дисграфияны  түзету  барысында  қолданылатын  жұмыс 

тәсілдерін қарастырайық. 



1. Көру гнозисін қалыптастыру мақсатымен қолданатын тәсілдер: 

-  контурмен сызылған заттарды атау; 

-  бірінің үстіне бірі сызылған суреттерді атау; 

-  заттың жетіспейтін бөлшегін толықтырып сызу, атау; 

-  түрі, түсі, көлемі бойынша заттарды іріктеу; 

-  суреттегі айырмашылықтарды табу. 

2. Көріп есте сақтауын (көру мнезисін) дамыту: 

    - 10-шақты суреттің ішінен 4-5 суретті есте сақтап атау, көрсету; 

    - әріптердің ішінен тек дауысты, дауыссыз әріптерді есте сақтап атау; 

    -  алғашқы  кезектілікті  сақтап  әріптерді,  сандарды,  фигураларды  

орналастыру; 

-  «не өзгерді?», «не жоғалды?» ойындары. 

3. Әріпті тануын, әріп бейнесін ажыратуын қалыптастыру: 

      - графикалық ұқсастардың арасынан әріп табу 

      Л-М; А-Д; К-Ж; Ж-Х; П-Н; Ш-Щ; 

      - бірінің үстіне бірі жазылған әріптерді атау; 

      - дұрыс, қате жазылған әріптерді анықтау; 

      - элементтері бойынша әріп құрастыру; 

      - бір әріптен екінші әріп құрастыру (х-ж; т-г; р-в, т.б.); 

      - әріптердің ұқсастығын, айырмашылығын анықтау. 

          Оптикалық  дисграфия,  дислексияда  әріп  бейнесін  бекіту  үшін,  әріпті 

бір ұқсас затпен сәйкестендіру (О - дөңгелекпен, З - жыланмен,  т.б.) немесе 

тақпақтар жаттау сияқты тәсілдер қолданған тиімді. Мысалы,  

                                   «А» әріпі әрдайым 

                                    Алфавиттың алдында. 

                                    Мына әріпке қарашы 

                                    Былай «Е», былай «Ш». 

                                    «З» әріпін әрқашан 

                                    табасың сен  

                                    саздан, қаздан, залдан.  




 

354 


Сонымен,  ЖСТБ-ы  әр  түрлі  белгілермен  сипатталатын  күрделі  ақаулыққа 

жатады.  Сондықтан  дисграфияны  түзету  жұмысы  оның  түрін,  белгілерін, 

механизмін  ескере  отырып  жүргізілуі  тиіс.  Логопедиялық  жұмыстың 

нәтижелі  болуы  көп  жағдайда  перспективтік  жоспарды  дұрыс  құрастырып, 

оның  іске  асуына  тығыз  байланысты  болады.  Жұмыс  жоспары  (бағдарлама) 

төмендегі талаптарға сәйкес құрастырылуы керек: 

-  қазақ тілі пәнінің бағдарламасына сәйкес; 

-  ақаулықтың түрін, құрылымын ескеру; 

-  онтогенетикалық ықпал ету; 

-  сөйлеу тілінің даму деңгейін ескеру; 

-  қазіргі  кезеңдегі  түзету  жұмысының  жаңа  технологиялары  мен 

көзқарастарды ескеру; 

-  логопедия ғылымындағы негізгі қағидаларды басшылыққа алу. 

Бағдарламада  түзету  жұмысының  мақсаты  мен  міндеттері,  мазмұны 

дисграфияның  түріне  байланысты  алынады.  Мысалы,  тілдік  талдау  мен 

жинақтаудың  салдарындағы  дисграфияда  төмендегідей  міндеттерді  атауға 

болады: 

-  сөйлем  құрамын  талдау  дағдыларын  қалыптастыру,  дамыту  және 

жетілдіру; 

-  буындық  талдау  мен  жинақтау  дағдыларын  қалыптастыру,  дамыту 

және жетілдіру; 

-  фонематикалық  талдау  мен  жинақтау  дағдыларын  қалыптастыру, 

дамыту және жетілдіру. 

Акустикалық дисграфияны түзетудің негізгі міндеттері: 

-  естіп қабылдауын дамыту; 

-  дыбыс туралы ұғымын қалыптастыру, дамыту; 

-  фонематикалық талдау, жинақтауын дамыту; 

-  шатастыратын дыбыстарды ажырату дағдысын дамыту. 

    Аграмматикалық дисграфияны түзетудің негізгі міндеттері: 

-  затты, 

іс-әрекетті, 

құбылыстарды 

атау 


мен 

сәйкестендіруін 

қалыптастыру, дамыту және жетілдіру; 

-       -  сөздің  морфологиялық  құрылымы  туралы  түсінігін  қалыптастыру, 

дамыту және жетілдіру; 

-      -  сөйлеу  тілінің  грамматикалық  жағын  қалыптастыру,  дамыту  және 

жетілдіру; 

-  Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру. 



Оптикалық дисграфияны түзетудің негізгі міндеттері: 

-  көріп қабылдауын, талдауын, жинақтауын дамыту; 

-  жазуда шатастыратын дыбыстарды ажырату. 

 

 Жалпы  мектептің  1-ші  сынып  оқушыларын  жазбаша  сөйлеу  тілінің 



бұзылыстарынан сақтандыру бағдарламасының мақсаты: 

-  ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету; 




 

355 


-  оқытуда  қиыншылық  кездесетін  балаларды  қазақ  тілі  мен  оқу 

сабақтарына  қажет  біліктілігі  мен  дағдыларын  меңгеруге  жанжақты 

дайындау жатады. 

 Бағдарламаның міндеттері: 

-  фонематикалық талдау, жинақтауын дамыту; 

-  тілдік  талдау,  жинақтауын  буын,  сөз,  сөйлем,  мәтін  деңгейлерінде 

дамыту; 


-  фонемдерді ажыратуын анықтау, бекіту; 

-  кеңістікті-уақытты бағдарлау түсінігін анықтау және дамыту; 

-  зейінін, есте сақтауын, ойлауын дамыту; 

-  сөз қорын, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру, дамыту; 

-  сөйлеу,  жазу,  оқу  актілеріне  қатысатын  анализаторларды  (есту,  көру, 

сезу) дамыту. 

 

ЖСТБ-н  сақтандыру  жұмысы  міндеттерге  сай  үш  деңгейде  жүргізіледі 



(фонетикалық, лексикалық, синтаксистік) және жоспарда әр деңгей бойынша 

жұмыс мазмұны толық көрсетіледі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет