I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет193/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   256
Байланысты:
Logopedia

ІІІ деңгейде сөйлеу тілінің дамуы бойынша баланың фонематикалық тілінің 

жасалуы  жасының  мөлшерімен  салыстырғанда  артта  қалуы  айтарлықтай 

шамада:  олардың  сөйлеу  тіліндегі  дыбыстардың  барлық  түрлерінің  дұрыс 

айтылмауы  әлі  де  байқалады  (сигматизм,  ротацизм,  ламдацизм,  үндестік 

ақаулығы, ұяңдануы). 

Сөздегі дыбыстардың түсіп қалатын тұрақты қателері, ең қиын сөздердегі 

буындардың  бұзылуы  байқалады.  Мысалы:  велосипед  –  сипед,  сасипед, 

милиционер – мисонед, мисинел. 

   Фонематикалық  естуі  және  түйсіну  қабілетінің  нашар  дамуының 

салдарынан  баланың  сөздің  дыбыстық  құрамын    талдау  және  топтау 

дағдылары  өз  бетінше  қалыптаспауы  байқалады,    сондықтан    балаға 

логопедтің  көмегі  көрсетілмесе,  мектепте  сауатын  ашу  кезінде  балаға  қиын 

болады. 

         Кейінгі  кезде  Қазақстанда  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  арнайы 

педагогика кафедрасы оқытушылары (Қ. Қ. Өмірбекова, Г. Б. Ибатова, Г. 

Н.  Төлебиева)  мектепке  дейінгі  жастағы    қазақ  тілді  балалардың    сөйлеу 

тілінің  ерекшеліктерін  анықтауға  бағытталған  зерттеулер  жүргізді. 

Зерттеу  нәтижесінде  қазақ  тілді  ЖСТД  балалардың  сөйлеу  тіліне  тән 




 

365 


көптеген  кемшіліктер,  қателер  кездесетіні  анықталды.  Ол  кемшіліктер 

сөйлеу  тілінің  құрылымдық  компоненттерінің  барлығына  қатысты,  атап 

айтсақ:  фонетикалық,  лексикалық,  грамматикалық  (сөзжасам,  сөзөзгерту, 

сөйлем құрау) жағы. 

Сөйлеу  тілі  дамымаған  қазақ  тілді  балалардың  дыбыс  айтуын  тексеру 

барысында  көбінесе  ызың,  ысқырық,  сонор  дыбыстарының  жиі  бұзылатыны 

байқалады.  Қазақ  тіліне  тән  дыбыстардың  ішінде:  ң,  қ,  ұ,  ү  фонемаларын  

алмастыру,  шатастыру  жиі  кездеседі  (Қ.  Қ.  Өмірбекова,  2009).    Сонымен 

қатар  балалардың  фонематикалық  қабылдау  деңгейі  өте  төмен  екені,  ал  

дыбыстық  талдау  дағдыларының  қалыптаспағаны  анықталды.  Сөздің 

буындық құрамының бұзылуы жиі кездесетіні байқалды, әсіресе көпбуынды 

сөздерді,  жиі  қолданбайтын  таныс  емес  сөздерді  айту  барысында  (Мысалы, 



қарындаш  -  қандаш,  балапан  –бапалан,  буратино  –  б  уритана,  домбыра  – 

домра, экскаватор – еватол). 

     Тілдің грамматикалық жағының қалыптасуы мен қолдануында әр түрлі 

қиындықтар  байқалады:  зат  есімнің  көптің  жалғауын  пайдаланғанда  қазақ 

тілінің  сингармонизм  заңын  сақтамауы  (мысалы,  үйректар,  кеселар, 



кітаптар кітапдар т.б.); көптік жалғауларды мүлдем қолданбауы (мысалы, 

доптар  –  көп  доп,  балалар  –  көп  бала,  т.б.);    зат  есімнің  көптік 

жалғауларымен  кездескен  сөздерді  ілік  септігінде  қолдана  алмауы  (мысалы, 



балалардың – балаларның, көшелердің – көшелернің т.б.); септік жалғауларды  

қолдану  барысында  әртүрлі  қателер  байқалды,  әсіресе  ілік,  табыс,  көмектес 

септіктерін  қолдануда  (мысалы,  сурет  бойынша    «кімнің  көйлегі?»  деген  

сұраққа  «қыз  көйлек»  деп  жауап  береді);  сөз  өзгерту  дағдылары  мүлдем 

қалыптаспаған  деуге  болады  (сурет  бойынша  мамандықтарды  атағанда 

балалардың көпшілігі сатушыны – «дүкендегі тәте», «сатады»; әншіні – «ән 



айтады» деп атайды). (Г. Б. Ибатова, 2010) 

  Сонымен, 

сөйлеу 

тілі 


дамуының 

үшінші 

деңгейі 

мынандай 

кемшіліктермен сипатталады: 

1.  Бала  ауызекі  байланыстырып  сөйлегенде  кейбір  сөздерді  білмейтіндігі 

және  дұрыс  қолдана  алмайтындығы  байқалады.  Сөздік  қорында 

көбінесе  зат  есім,  етістік  көп  кездеседі  де  сын  есім,  үстеу  таптары  аз 

кездеседі. 

2.  Тілдің  грамматикалық  жағының  дамымағаны  байқалады.  Балалар 

септік жалғауларды, жұрнақтарды қолдануда қате жібереді. Сөз өзгерту 

қабілеті мүлдем дамымаған. 

3.  Сөйлегенде  көбінесе  тек  жәй  сөйлемдерді  қолданады,  құрмалас 

сөйлемдер сирек кездеседі. 

4.  Бұл  деңгейдегі  көптеген  балаларда  сөздің  буындарын  дұрыс  айтпау 

кемшіліктері  сақталады  да,  талдау  жинақтау  тәсілдерін  меңгеруде 

қиындық туғызады. 

 

Жалпы  сөйлеу  тілі  дамуының  төртінші  деңгейіндегі  балалардың 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет