I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет67/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   256
Байланысты:
Logopedia

Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына дейінгі баланың 

сипаттамасы 

           Анамнез  мәліметтерін  талдау  барысында  мектеп  жасына  дейінгі 

дизартрияның  көмескі  түрі    бар  балаларда  перинатальді,  натальді  және 



 

129 


постнатальді  кезеңдерінде  жағымсыз  жағдайлардың  асқынуы  байқалады.  Ең 

көп асқыну пренатальді кезеңде болады. 

Көбінесе  невропатолог  бұндай  балаларға  келесі  диагноз  қояды:  пренатальді 

энцефалопатия,  гемморогикалық  энцефалопатия,  гидроцефальді  синдром 

(ішкі, сыртқы гидроцефалия), гипертензионды синдром. 

Балалардың  ерте  психомоторлы  дамуы  жеңіл  дисфункцияға  ие  болады, 

жасына  байланысты  нормадан  кеш  және  дисрпопорциональді  қалыптасады.   

Бала отырғаннан бұрын тұра бастайды, еңбектегеннен бұрын жүре бастайды. 

Бала  мүлдем  немесе  дұрыс  еңбектемейді  (артқа,  шетке).  Балалар 

соматикалық әлсіз болады, тұмау ауруымен жиі ауыратын болады. Көбінесе 

1-2  жасқа  дейін  балалар  невропатологтың  бақылауында  болады,  ал  3-  4  

жастан  кейін  диспансерлі  бақылаудан  шығарылады.  Ерте  жастағы  сөйлеу 

тілінің  дамуы  кешеуілдеуі  мүмкін.  Гүілдеу  кезеңі  болмауы  мүмкін,  бірінші 

сөздері 1-2 ай кеш шығады, сөз тіркестерінің пайда болуы нормадан 1-5 айға 

дейін артта қалады. Белсенді сөз қорына жаңа сөздерді енгізу қиын болады. 

        


Жалпы, ұсақ және артикуляциялық моториканың қалпы 

 

Жалпы  моторика  дегеніміз  –  жалпы  дененің  қимыл-қозғалысы,  яғни 

бастың, мойынның, иықтың, кеуденің, аяқтың қимыл- қозғалысы. 

 Дизартриямен  зақымдалған  балалардың  моторикасының  дамымауы 

жалпы  моторикасының  дамуына  кері  әсерін  тигізеді.  Моторикасының 

дамымауы  негізгі  қимылдардың  қалыптасу  уақытының  тежелуіне  әкеліп 

соқтырады. Нақты емес, икемсіздік, баяу, тепе-тендікті сақтайалмауы, т.б. 

Қимылдың  белсенді  болмауы,  сонымен  қатар  арнайы  тәрбие  жұмысы  мен 

түзету  жұмыстарының  жетіспеушілігінен  де  болуі  мүмкін.  Түзету 

жұмысының  бағыты  келесі  негізгі  қимылдарды  дамытуға  арналған  болуы 

керек:  жүгіру,  секіру,  лақтыру,  жалпы  және  ұсақ  моторикасын  жетілдіруге 

арналған 

жаттығулар. 

Жұмыс 


мазмұнының 

құрамына 

қызықты 

жаттығуларды, әр түрлі заттарды: допта. Таяқшалар, жалаушалар, шеңберлер 

және күрделі емес түрлі жабдықтарды ұсынуға болады. 

 Дизартрик балалардың моторикасын түзетуге бағытталған сабақтар үшін, өз 

үйінде  кішігірім  спорт  кешенінің  болуі  тиімді.  Оның  көмегімен  балаға  жат, 

тіпті  қорқынышты  жаттығулар  жасалады:  шығу,  секіру,  айналу,  орындықта 

жүру. Жаттығулар мен ойындарды табиғатта орындаған өте жақсы. Орманда, 

таза  ауада  ойнау  кезінде  бала  жергілікті  орынмен  танысады,  төбешекті 

айналып  өту  керектігін  түсінеді.  Балаларға  суда  қозғалысқа  түсу,  жүзу 

пайдалы  (ваннада,  бассейінде,  өзенде,  көлде),  қыста  шаңғы,  шана  тебу  де 

пайдалы.  

   


Дизартриясы  бар  балалардың  моторикасының  қызметін  қалыптастыру 

бойынша  жүргізілетін  жұмыс  үлкен  шыдамдылыққа,  жиі  қайталауды  және 

көрсетуді  талап  етеді,  әр  жаттығудың  орындау  баланың  күн  тәртібіне  енуі 

керек. Тұрақтылық әдетке айналып, сабаққа деген қажеттіліктің бірі болады. 

Жаттығулар  біртіндеп  енеді.  Мысалы, доппен  ойнауға  үйрету.  Үйрету  үшін, 

алдымен  ауада  ұшатын  шар  мен  ойнау  керек.  Балалар  допты  ұстағанға 




 

130 


қорқады,  ал  шар  жеңіл,  дауыссыз,  тыныш,  ақырын,  баяу  жерге  түседі.  Шар 

мен  ойынды  менгерген  бала,  допты  лақтырып,  итеріп,  ұстауды,  себетке 

лақтыруды,  дөңгелектең,  жіптен  өткізіп  лақтыруды,  келгенді  соғуды  тез 

үйренеді.  Баламен  қандай  да  болмасын  спорттық  ойынды  ойнау  кезінде, 

ересек  адам  балаға  білдіртпей  көмектесуі  керек.  Жалпы  қимыл  – 

қозғалыстарды  дамыту  мен  қатар  мұғалім-дефектолог  баланың  қол 

моторикасының  дамуына  үлкен  көңіл  бөледі.  Баланың  екі  қолының  іс-

әрекетте  сәйкестігіне,  ұстайтын  қимыл-қозғалыстарды  дамытуға,  баланың 

әртүрлі заттарды ұстап үйренуге:  үлкен заттарды екі қолмен, ұсақ заттарды- 

бір  қолымен  ұстауды  үйренуіне  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Сонымен  қатар 

мұғалім-дефектолог  баланың  қолы  мен  саумақтарының  ұсақ  қимылдарын 

дамытуға  ерекуше  көңіл  бөледі.  Осы  мақсатқа  байланысты  үлкендердің 

қолына  еліктететін  ойындар  мен  жаттығулар  ұйымдастырады,  ал  кейіннен 

қолға арналған театралдық ойындар.  

    

 Ұсақ  моторика  дегеніміз  –  қолдың,  қол  білезігінің,  саусақтардың,  қол 



бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысы. 

Дизартрияға  шалдыққан  балалардың  қолмен  жұмыс  істеуінде  қиындақтар 

кездесетіні белгілі. Олардың қол білезіктері әлсіз және салбырт, алақандарын 

жұдырыққа  түйе  алмайды,  саусақтарын  бір-бірден  санап,үлкен  бас  саусақты 

қалған  саусақтарға  қарсы  қоя  алмайды.    Қолдарына  қасық,  қарындаш  ұстау 

қиынға  соғады.  Олар  затты  жұдырықпен  ұстайды;  қпйшымен  қия  алмайды, 

ермексазды  илей  алмайды.  Қандай  да  болмасын  әрекетті  орындау  кезінде 

ересектердің көмегін қажет етеді.  

    

Бұлшық  еттерінің  тонусының  өзгеруі  (жоғарлауы  немесе  төмендеуі) 



қол  білезігінің  бұлшық  еттерінің  әлсіреуне,  шаршауына  әкеледі.  Қол 

білезігінің  және  саусақ  бұлшық  етінің  иннервациясының  жеткіліксіз 

топтастырылуы,  олардың  келісіміне,  қалпына  кедергі  болады.  Осыған 

байланысты  бала  ұзақ  уақыт  бойы  қарындашты  немесе  қаламды  ұстай 

алмайды,  шаршаған  сайын  оның  қозғалыстары  нақты    орындалмайды. 

Аталған  бұзылыстар  көру  қимыл  координациясының  кемістігімен  жиі 

кездеседі.  Мұндай  жағдайда  баланың  жазуы  нашар  каллиграфиямен  ғана 

сипатталмайды, сондай  –ақ бала әріптің жазылуын да қате орындайды. Бала 

бас миының қызметін, психикасын зерттейтін ғылымдар қол әрекетінің үлкен 

маңыздылығын  атап  көрсетеді.  Осылайша,  жүргізілген  тәрбие  мен  көптеген 

балаларды  тексеру  негізінде  келесі  заңдылық  анықталған:  «Егер  саусақ 

қозғалыстарының  дамуы  баланың  жасына  сай  болса,  онда  сөйлеу  тілінің 

дамуы  да  қалыпты  болғаны.  Егер  де  саусақтардың  қозғалыстары 

кешеуілдесе, онда сөйлеу тілінің дамуы да артта қалады, бірақ бұл жағдайда 

жалпы  моторика  қалыпта  және  қалыптан  да  жоғары  болуы  мүмкін.  (  Л.В. 

Фомина)».  М.  М.  Кольцова  сөйлеу  тілінің  қалыптасуы  қолдан  келетін,  анық 

айтсақ  саусақтардың  кинестетикалық импульстардың  әсерінен  жүзеге  асады 

деген қорытындыға келеді. 

     

Ең  бірінші  кезекте  жалпы  моторикасымен  қатар  артикуляциялық 



моторикасының  қимылдарының  статикалық  үйлесімінің  күрделі  бұзылуын 


 

131 


атап кеткен жөн. Қимыл - қозғалыс актінің кинетикалық компоненттерінің өз 

ара уйлеспеуі байқалады. 

     

Қимыл  -  қозғалысты  сезінуі  сақталғанмен    қозғалыс  актісінің 



кинетикалық  компонентінің  жетіспеушілігі  байқалады.  Бұл  жетіспеушілік 

берілген  проблемаларды  толық  орындай  алмауымен  де  көрінеді. 

Қозғалыстардың  күрделі  формалары  орындауға  бағытталған  тапсырмаларды 

орындау  кезінде  дөрекі  ауытқулар  кездеседі.  Бұзылыстардың  келесі  түрлері 

көрінеді:  қимыл  -  қозғалысының  үйлеспеуі,  гипертонустың  пайда  болуы, 

синкенизиялар,  өз  қимыл  -  қозғалысының  амплитудасын  реттей  алмауы, 

кеңістікте қолдарын екі жаққа созуы. 

       Дизартрияның  көмескі  түрі  бар  баланың  артикуляциялық  моторикасы 

жалпы  моторикасының  типі  бойынша  зардап  шегеді.  Көбінесе  бұзылыстар 

статитикалық  қалыпты  ұстаған  кезде  көрінеді:  тыныс  алуының 

жетіспеушілігі, гиперсаливация, тілдің, еріннің, иектің треморы, девиациясы 

(тік  осьтан  ауытқуы),  вегетативті  дисфункциялар  (тершең  болу,  терінің 

қызаруы  немесе  бозаруы  т.б.).  Тіл  және  ерін  бұлшық  еттерінің  парезін  осы 

мүшелерімен жеңіл –желпі қимылдарды орындау барысында көруге болады.    

Бұл кезде төмендегідей жағдайлар байқалады: 

1.  Ерінді  алға  мүлдем  соза  алмауы  -  олар  мүлдем  қимылсыз  болады  немесе 

кезкелген қимыл-қозғалыс жасайды. 

2.  Езу  тартқан  кезде  (жимыюдың)  ассиметриясы  -  ауыздың  бір  жағы 

қозғалмайды немесе аз қимылдайды. 

3. Ауыз қуысында тілін жалпақ түрде ұстай алмайды, яғни тіл үнемі жіңішке 

күйде болады. 

4.Тілді ауыздан шығарған кезде бір жаққа ауып кетеді. 

5.Тілді  ауыздан  шығарған  кезде  тілдің  ұшы  еріксіз  төменгі  ерінге  қарай 

бағытталған - бала тілін көлденең ұстай алмайды. 

6. Төменгі еріннің көмегінсіз тілдің ұшын жоғарғы ерінге көтере алмауы. Бұл 

тапсырманы орындаған кезде бала тілін жоғары көтеру үшін төменгі ерінмен 

көмектескен болады. 

7.  Тілді  оңға,  солға  қозғалта  алмауы.  Тіл  қатайған  түрде  бүкіл  массасымен 

қозғалады («бөрене сияқты») - тілдің ұшы айқындалмаған. 

8.  Ауыздан  шығарған  тілді  еркін  ұстай  алмауы  -  тілдің  дірілі,  бұлшық 

еттердің ретсіз тартылуы байқалады. Бұл олардың әлсіздігін дәлелдейді. 

9.  Тілді  ауыз  қуысында  «жиырып»  ұстауға  бейім  болуы.  Бала  аузын  кең 

ашқан кезде тілдің қалпы жақсы көрінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет