I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет98/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   256
Байланысты:
Logopedia

Туа біткен тандай ақаулықтарында сөйлеу тілі бұзылыстарының алдан алу 

(сақтандыру

 

Таңдай  жарықшағымен  туылған  балада  ринолалияның  ауыр  ақаулығы 

болуына  қауіп  туады.  Алайда  қазіргі  кездегі  медициналық  және 

педагогикалық  іс-шаралар  жартылай  немесе  толық  ақаулықтың  болмауына 

әсер  етуі  мүмкін.  Уақытылы  жасалған  медициналық  іс-шараларға 

(операциялық  емдеу  немесе  обтураторды  пайдалану)  үлкен  мән  беріледі. 

Бірақ  қазіргі  кездегі  дәрігерлердің  операция  жасау  мүмкіндігі  туралы 

пікірлері  әр  түрлі.  Сондықтан,  көптеген  себептер  бойынша  уақытылы 

медициналық көмек алу мүмкіндігі бола бермейді.  

  

Сөйлеу  тілі  кемістігінің  алдын  алудың  педагогикалық  құралдары  бар. 



Ерте  жаста  (1  жасқа  дейін)  баланы  тілдің  ұшы  альвеолдарға  жақын 

тұратындай қалыпта жатқызу керек. Ол үшін баланы ішпен немесе қырынан 

жатқызуға болады. 

  

8-10  айда  бала  былдырлай  бастайды:  агу,  и-и-и,  мам-мам-  дыбыс 



қосындыларын  айтады.  Бұл  сәтте  бала  басқалардың  сөйлегенін  түсіне 

бастайды.  Ол  көзімен  немесе  саусағымен  әжесін,  анасын,  сағатты  көрсете 

алады,  немесе  дыбыстар  арқылы  қыздың  жылағанын  (а-а-а...),    атасының 

ұйықтағанын (х-х-х...) көрсете алады. 

  

Таңдай    жарықшағы  болғанда  дәл  осы  уақытта  сөйлеу  тілі 



ақаулықтарының  алдын  алу  бойынша  жұмысты  бастау  керек.  Баланың 

дамыған  еліктеу  рефлексін  пайдалану  қолайлы  болып  табылады,  басында  – 

ему  кезінде,  кейіннен  сөйлеу  кезіндегі  дем  шығаруды  (1ж.  кейін)  дамытуға 

арналған  жаттығулар  арқылы.  Ол  үшін  дыбысқа  еліктеу  ойындарын 

қолдануға болады, бұл  кезде үлкен адам баланың назарын түрлі-түсті мақта 

түйіршіктерінің көмегімен ауыз арқылы шығарған демге аударады. 

Ойын  кезінде  бала  ыстықта  иттің  тыныс  алуы  сияқты  жағдайларды 

еліктеп  келтіреді.  Бала  а-а-а...  дыбысын  үзбей  сыбырлап,  тілін  шығарып 

айтады.  Қолымызды  қалай  жылытамыз?  (қолға  х-х-х  деп  дем  шығарып  

үрлеу). 


Баланы  тілдің  ұшын  алға  қозғалтып  ауызбен  дем  алуға  үйрету  үшін 

басқа  да,  жаттығулар  ойлап  табуға  болады.  Тыныс  алуға  бағытталған  оңай 




 

191 


ойын-жаттығулардан  кейін  біртіндеп  дауысты,  дауыссыз  дыбыстар 

артикуляциясын  дауыс  қосып  ауызбен  тыныс  шығаруға  дағдыландырамыз. 

Мысалы: балаға қыз қалай жылағанын көрсет (а-а-а). 

Бұл кезде ауа ағынының ауыз арқылы шығуын үнемі қадағалап отыру қажет. 

А дыбысын айтқанда тіл ұшы астыңғы тістерге тиіп тұруы керек. Бет бұлшық 

еттері  босаңсыған.  Тіл  ұшының  мұндай  қалпы  бастапқы  кезде  барлық 

дауысты  дыбыстарды  айтқандағыдай  сақталады.  Мұндай  жаттығуларды 

мысалға келтірейік: Шамды қалай өшіреміз? (ф--).  Паровоз қалай гуілдейді? 

(у--).  Кеме  қалай  гуілдейді?  (ы--).  Сен  қандай  үлкенсің?  (о--).  Жел  қалай 

шулайды?  (в--).  Тістерімізбен  тыныс  алайық.  (с--).  Маса  қалай  ызылдайды? 

(з--)  .  Қаз  қалай  ышылдайды?  (ш--)  (тіл  ұшы  жоғары  көтеріледі).  Ара  қалай 

дауыс  шығарады?  (ж--)  (тіл  ұшы  ш  дыбысындағыдай  жоғары  көтеріледі). 

Тонып қалған қолдарымызда қалай жылытамыз? (х--). 

Дыбыстың  дұрыс  айтылуын  қадағалау  үшін  ауызға  мақта  түйіршігін 

жақындатамыз немесе жұқа ұсақ қағаздарды үрлейміз. Дем шығарғанда олар 

«дірілдейді». 

Ойын-жатығуларды  баланы  жалықтырып  алмай,  біртіндеп  сабақтарға 

үйретіп  өткізу  керек.  Баланың  назарын  сөз,  дыбыстарды  айтқан  кезде  ауыз 

ашылғанына  аудару  өте  маңызды,  себебі  таңдай  жарықшағы  бар  балалар 

еріндерін ашпай сөйлеуге құмар.   

Ата-аналармен    логопедтің  міндеті  –  балаға  дыбыс  пен  сөз  артикуляциясын 

көруге  көмектесу,  назарын  аудару.  Бұл  әрекет  дыбыстың  анық  айтылуын 

дамытады. Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру кезінде баланың назарын 

оған көрсетіп ауызбен ұзақ тыныс шығаруға аудару қажет.  Егер ерте  жаста 

сөйлеу  тіліндегі  бұзылыстардың  алдын  алу  жұмыстары  жүргізілмесе, 

операция  алдында  сөйлеу  тілінің ақаулығы  қалыптасып,  тұрақтанып қалады 

да, түзету үшін үлкен логопедиялық жұмыс қажет болады. 

 

Қорытындылар 

Ашық  ринолалияда  логопедиялық    көмек  операцияға  дейін  де, 

операциядан  кейін  де  қажет.  Жұмыстағы  маңызды  шарт  –  сөйлеу 

аппаратының  сау  бөлімдерін  белсенділеу.  Әдістеменің  негізінде  – 

физиологиялық  тыныс  алуды  ауыз  арқылы  дем  шығарып,  біртіндеп  сөйлеу 

кезіндегі диафрагмальдіге ауыстыру. Ерекше назар   ауыз қуысындағы тілдің 

дұрыс  қалпына  аударылады.  Жұмыс  барысында  барлық  дыбыстар  қайтадан 

қалыптастырылады, олардың  артикуляциясы қатаң түрде белгілі жаттығулар 

арқылы  дайындалады.  Осы  жаттығулар  жүйесінде    сөйлеу  аппаратының 

бұлшық еттерінің физиологиялық   өзара байланысы негізгі болуы қажет. 

Дыбыстар бойынша жұмыс кезектілігі сүйеніш дыбыстарды қолдану арқылы 

дыбыстың  артикуляциялық  базасының  дайындығымен  белгіленеді.  Мұндай 

кезектілік  сөйлеу    кезіндегі    дұрыс  тыныс  алуды  дамыту,  артикуляция 

аппаратының алдымен жоғарғы, кейіннен ортаңғы бөлімдерінің моторикасын 

дамытуды көздейді. 

 Дыбысты дұрыс айтқызу жұмысында баланың өз сөйлеуін естіп қадағалауын 

дамыту  кезектілігін  сақтау  маңызды:  алдымен  логопед  баланы  дыбыстарды 




 

192 


айтқан кезде өзін қадағалаудан алдандырады; дыбысты машықтандырғаннан 

кейін саналы түрде  естіп қадағалау  қосылады. Операцияға дейінгі жұмыста 

дыбыс    айтуды  қалыптастырудан  басқа,  өте  үлкен  көңіл  бала  тұлғасын 

түзетуге бөлінеді. 

 Бар  логопедиялық  жұмыс  максимальді  түрде  көрнекі,  балаға  эмоциональді 

болуы керек. 

 Уранопластикадан  соң  науқастармен  жұмыс  опреацияға  дейінгі    сөйлеуге 

дайындық  болған–болмағанына,  оның  деңгейіне  және  операцияның 

нәтижелеріне  байланысты  болады.  Логопедтің  операциядан  кейінгі  жұмысы 

дыбыс айту дағдыларын жаңа жағдайда бекітуге бағытталады. 

Уранопластикадан  кейін  науқастың  назары  өз  сөйлеуін  естіп 

қадағалауға  аударылады.  Егер  баланың  сөйлеуі  сәл  де  мұрын  арқылы  

айтылса,  операциядан  кейінгі  жұмыс  толығымен,  операцияға  дейінгі  жұмыс 

сияқты  жүргізілуі  қажет.  Таңдай  жарықшағы  болған    жағдайда  сөйлеу  тілі 

ақаулығының  алдын  алу  медициналық  және  педагогикалық  құрал  арқылы 

жасалуы мүмкін. 

 Педагогикалық  жағынан  алдын  алудың  мақсаты  –  баланың  назарын 

артикуляцияға аударып, арнайы жаттығулар арқылы ауыз қуысындағы тілдің 

ақаулы  қалпының  болмауын  қадағалап,  ауыз  арқылы  дұрыс  дем  шығаруды 

қалыптастыру болып табылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет