«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет27/94
Дата29.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#24534
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   94
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

 

МАССАЖДЫҢ ТЕРІГЕ ӘСЕРІ 

 

Оқырманға түсінікті болу үшін терінің құрылыс мен қызметі туралы айта кетуді жөн көрдік.  



Тері -  дененің сыртқы қабығы. Оның аумағы шамамен 2 м кв. Тері негізгі 3 қабаттан тұрады. 

Сыртқы  қабат  –  эпидермис  көп  қабатты  эпителлий  тканінен  түзеледі.  Ол  үнемі  түлеп,  тереңірек 

орналасқан клеткалардың көбею есебінен жаңарып отырады. Эпидермистің астында дәнекер тканінің 

тығыз қабаты – дермо орналасқан. Бұл жерде көптеген рецепторлар май және тері бездері түбірі, қан 

және лимфа тамырлары болады. 

Ең терең қабат – шел клечаткасы май тканінен түзелген. Ол организм үшін «төсеніш» қызметін 

атқарып, қоректік заттармен «энергияға» қойма болып есептеледі.  

Тері  барлық  тканьдермен  мүшелерді  механкиалық  зақымданудан  сақтандырып,  организмге 

бөгде  заттардың  ауру  тудыратын  микробтардың  енуіне  жол  бермейді.  Тері  организмді  ультракүлгін 

сәулелердің  артық  мөлшерінің  зиянды  әсерінен  қорғайтын  қоңыр  пигмент  жасап  шығарады.  Теріде  

балалардың мишель ауруының дамуына кедергі жасайтын Д витамині түзеледі. 

Теріде қысымды, ауырғанды, суық пен жылуджы қабылдайтын әр түрлі рецепторлар бар. Олар 

адамды  жарақаттанудан,  үсуден  сақтауға  мүмкіндік  береді.  Терінің  сезімталдығы  организмнің 

қоршаған орта мен өзара байланысында маңызды роль атқарады. Терінің сезімталдығынан айырылған 

адам көп жарақаттанады. 

Тері зәр шығару қызметінде атқарады. Сумен тұздың артық мөлшері организмнің тері бездері 

арқылы шығарылады. Сол сияқты тері дене температурасының тұрақтылығына сақтауға қатысады.  

Теріде  өте  көп  ұсақ  қан  тамырлары  орналасады.  Қоршаған  орта  температурасы  төмендеген 

кезде  тамырлар  рефлекс  жолмен  тарылып,  теріге  келетін  қан  мөлшері  азаяды,  организмнің  жылу 

шығаруы кемиді. 

Терідегі тамырлардың кеңеюі мен тарылуын адам өзінен байқай алады. Қоршаған орта ыстық 

болса  - тері қызарып, ал суықтан – бозарып кетеді.  

Адам  терісінде  2  миллионнан  астам  тері  бездері  бар,  ол  тәулігіне  12  литрге  жуық  тер  бөліп 

шығарады. Бұл адамның өз дене температурасынан жоғарғы ортада тіршілік етуне мүмкіндік береді. 

Ауа өте ылғалды болғанда дененің булану арқылы жылу шығару қиындай түседі. 

Жылудың  реттелуі  рефлекс  жолымен  жүзеге  асады.  Жылудың  түзілуі  мен  оның  шығарылуы 

гуморальдық  әдіспен  де  реттеледі.  Мысалы  қорыққанда  және  ашулананғанда  қандағы  адреналиннің 

мөлшері артады. Терінің тамырлары тарылып, адамның өңі бозарады, дененің жылу түзуі күшейеді.  

Тері  осындай  күрделі  қызметінің  арқасында  денеге  үлкен  физиологиялық  пайда  тигізеді, 

организм органдардың өмірлік қызметіне ықпал жасайды. 

Массаждың  әсерінен  терінің  сыртқы  –  эпидермис  қабаты  қабыршықталып  түседі.  Оның  өзі 

терідегі  қан  айналымымен  жақсартып,  тыныс  алуын  арттырып,  май  және  тері  бездерінің  шыңдап, 

денедегі  жылуды  реттейді.  Терінің  өте  майланып  тұруы  қажет.  Ол  эпидермистің  ыдырауынан  (суға 

көп түсетін спортшыларғ қатысты) немесе кеуіп,  құрғап кетуінен сақтайды (ауада көп жүрген кезде). 

Массаж жасағанда қан тамырлары кеңіп арнасынан аққан қанның мөлшері көбейеді. Мұның өзі 

«ұйқыда жатқан қан тамырларын оятып, теріні тамақтандыру болып есептеледі.» Сол арқылы адамның 

денесі сергиді жұмысқа қабылеті артады.  

Массаждың  әсерінен  лимфа  қозғалысы  үдейді.  Дәнекер  қабатынан  лимфаны  қысып шығарған 

кезде  жоғарғы  және  төмен  орналасқан  қан  тамырларды  (әсіресе  көк  тамыр)  босап  қалады.  Соған 

байланысты  бір  жағынан  тканьдермен  органдарға  қан  арқылы  қоректік  зат  келіп  жатса,  екінші 

жағынан денеден қажетсіз заттар шығып жатады.  

Терінің  өзі  массаждан  соң  жылтырап  құлпырып  кетеді.  Эластометр  деген  құралмен 

анықтағанда  массаждың  әсеріне  терінің  серпімділігі,  созылғыштығы,  икемділіг  әлде  қайда  артқаны 

көрсетіледі.  Массаж    терінің  жылулық  рецепторына  да  ықпал  етеді.  Массаждан  кейін  теріде  жылу 

пайда  болады.  Бұл  қасиетін  сайысқа  дайындалып  тұрған  спортсмендерге  қолданылады.  Өйткені 

кейбіреудің алдын  – ала аяқ  –  қолы мұздап қалтырап кетеді. Соны қатты ысқылап жіберсең бойына 

жылу тарап «есін» жияды.  



Массаж  тері  арқылы  барлық  денеге  әртүрлі  әсер  етеді.  Ондағы  нерв  талшықтары  массаждан 

алған  тітіркеністерді  ми  қабығына,  орталықм  нерв  жүйесіне  жеткізеді,  одан  шыққан  жауап  реакция 

басқа органдар мен бірге теріге қайта келеді.  

Теріні баяу ырғақпен сипағанда нерв жүйесі жайланып, адамның көңілі орнығып , тіпті қалғып 

кетеді.  Аяқты  сипағанда  артериялық  қан  тамырларын  кеңейтіп,  сол  нүктелердің  температурасын 

көтереді. 

Массаж  көптеген  рецепторларды  тек  тітіркендіріп  қоймай,  клеткалардың  бөлінуі  нәтижесінде 

пайда болатын заттардың клеткалардың бөлінуі нәтижесінде пайда болатын заттардың клеткалардың 

бөлінуі  нәтижесінде  пайда  болатын  заттардың  клеткалардың  бөлінуі  нәтижесінде  пайда  болатын 

заттардың  есебінен  теріде  химиялық  реакциялардың    түзілуін  қамтамасыз  етеді.  Атап,  айтқанда 

химиялық активті  –  гистамин, ацетилхолин амин қышқылдары және басқалар пайда  болады. Мұның 

өзі  тек  терінің  емес,  бүкіл  организмнің  қорғаныс  қабылетін  арттырып,  ағзалардың  қызметін 

жақсартады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет