МАССАЖДЫҢ ҚАН ЖӘНЕ ЛИМФА АЙНАЛЫМЫНА ӘСЕРІ
Қан айналым мүшелерінің жүйесі жүрек пен қан тамырларынан тұрады. Жүрек өзінің
жиырылуының нәтижесінде насос секілді жұмыс істеп, қанды тамырларға айдайды да оны үнемі ағып
отыруға мәжбүр етеді. Жүректің соғуы тоқталса – адам өледі, өйткені тканьдерге оттегі мен қоректік
заттар жеткізілмей қалады. Қанның тамырлар боймен жүруі қан айналымы деп аталады.
Қан тамырлары бүкіл денені щарлайды. Олардың тығыз әрі серпімді қабырғасы бірыңғай
салалыбұлшық еттен тұрады. Жүрек жиырылуы арқылы жоғары қысыммен қанды артерияға айдап
шығарады. Артериялар қабырғасы тығыз және серпімді болғандықтан, бұл қысымға төзіп, біраз
созылады.
Ірі артериялар жүректен қашықтаған сайын тармақтана береді. Ең ұсақ артериялар өте жіңішке
киппилярларға бөлінеді. Олардың қабырғасы бір қабат жалпақ клеткалардан түзілген. Қан тамыр
плазмасында еріген заттар капиллярлардың қабырғасы арқылы ткань сұйықтығына өтіп,одан
клеткаларға жетеді. Клетка тіршілігінің нәтижесінде пайда болған өнімдер капилляр қабырғасы
арқылы ткань сұйықтығынан қанға өтеді. Адам организмінде шамамен 150 млрд капилляр болады.
Егер барлық капиллярды бір түзудің бойымен қатарлата тізсе, онда онымен жер шарын экватор
бойымен екі жарым рет орап шығуға болады. Қан капиллярдан жүрекке баратын вена тамырына
жиналады. Артерияға қарағанда венадағы қысым онша жоғары емес және оның қабырғасы да
жұқалтаң болып келеді.
Организмдегі қан жүрекпен жалғасқан екі тұйық жүйе – кіші және үлкен қан айналым шебері
арқылы жылжиды. Организмде қан үнемі қайта бөлініп отырады: оттегі мен қоректік заттардың
қажеттігіне қарай қан бір мүше арқылы көп, екінші мүше арқылы аз ағып өтеді. Дене мүшесіндегі
тамырлар саңылауы өзгергенде, сол мүшенің қанмен жабдықталуы да өзгереді. Келетін нерв
импульстары неғұрлым жиі болса, тамыр саңыраулары соғұрлым тар болады. Қан тамырлары
саңылауының кеңейіп – тарылуын нерв жүйесі мен биологиялық әрекетшіл заттар реттеп, олардың
организм талаптарына сай қызмет атқаруына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |