«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет30/94
Дата29.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#24534
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   94
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Лимфа  айналымы.  Лимфа  жүйесі  тканьдердегі  артық  сұйықтықты  шығаруға  жәрдемдеседі. 

Барлық  тканьдерде  тармақталмай  аяқталатын  лимфа  капилляры  болады.  Оларға  клеткааралық 

сұйықтық өтіп, қоюланады да, лимфа түзеді. Лимфа капилляры ірі лимфа тамырларына бірігеді. Олар 

барлық  тканьдер  мен  мүшелерге  өтеді.  Лимфа  тамырларының  ішкі  бетінде  лимфаның  кері  ағуына 

кедергі  жасайтын  қақпашалар  орналасқан.  Осы  қақпашалрдың    арқысында  лимфа  тек  бір  бағытта 

жылжиды. Лимфа тамырларында лимфа түйіндері  болады. Әсіресе, қолтықта, тақымда және шынтақ 

бүгіндісінде,  кеуде  және  құрсақ  қуысында,  мойында  лимфа  түйіндері  өте  көп.  Бұл  түйіндер 

микроорганизмді  ұстап  қалатын  сүзгі  қызметін  атқарады.  Организмнің  иммундық  реакцияларына 

белсене  қатысатын  лимфа  түйіндерінде  лимфациттер  көп  болады.  Лимфа  тамырлары  бірігіп  ірі 

веналарға  ашылады,  тканьге  өткен  сұйықтық  қайта  қан  тамырларының  арнасына  оралады.  Қан, 

клеткааралық сұйықтық және лимфа бірігіп, организмнің ішкі сұйық ортасын құрайды.  

Сонымен қан және лимфа арқылы организм клеткалары қоректік заттар мен оттегін қабылдап, 

қортылған  организмге  қажетсіз  заттардан  құрылады.  Қан  арқылы  әр  мүшенің  гуморальды  қызметі 

артып, денеге гармондарды таратуға ат салысады. Қан арқылы дененің қалыпты жылуы сақталады.  




Массаждың  әсерінен  қан  мен  лимфаның  ағыны  үдеп  әр  клетка  қоректік  заттар  мен  оттегіне 

қанып, қажетсіз заттардың шығуына үлкен ықпал жасайды. Бұл тек массаж жасалған жерде ғана емес 

бүкіл  денеде  болатын  өзгеріс.  Сондай-ақ  әртүрлі  себептерден  пайда  болған  ісінуден  құтылуға 

мүмкіндік  жасайды.  Массаж  жүрек  бұлшық  етінің  нығаюына,  дамуына  ықпал  етеді.  Жүрек  арқылы 

ағып өтетін қан мөлшері артып,   жиырылу күші көбейеді. Қан тамырларының қабырғасы серпімділік 

күшіне  мінеді  де  қан  тамыры  саңырауларынан  өтетін  қанның  мөлшері  өседі.  Қанның  екпіні 

орындалған  массаждың  тәсілдеріне  байланысты.  Мәселен,  сипау,  сығу,  жұмсарту  сияқты  тәсілдері 

қанды  саңылауларынан  қысып    шығарады,  дірілдету,  соққылау,  шапалақтау,  терідегі  нерв  ұштарын 

тітіркендіріп қан тамырларын кеңейтеді.  

Жоғарыда айтқандай, массаж нейрорефректорлы және гуморалды, жолмен қан тамырларының 

саңылауын  кеңейтуге,  қан  ағымын  жылдамдатуға  үлкен  әсер  етеді,  сол  арқылы  ауру  организмінің 

жазылуына көмектеседі. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет